Table of Contents Table of Contents
Previous Page  12 / 252 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 252 Next Page

11

ОҚЫРМАНДАРҒА

2017 жылы мұсылман әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым

Халифа Ғақыпұлы Алтайдың туғанына 100 жыл толады.

Халифа Ғақыпұлы Алтай (25.12.1917 – 15.08.2003), қазақ халқының

көрнекті өкілі, Қытайдың Шыңжаң өлкесі (қазіргі ШҰАР) Алтай аймағында

дүниеге келген. Қасиетті Құран Кәрім кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш

аудармашысы және баспагері, дінтанушы, исламтанушы, жазушы,

тарихшы, этнограф, түркітанушы, аудармашы, халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының алғашқы лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, «Түркістан» газеті редакция алқасының мүшесі, Дүниежүзі

қазақтарының I Құрылтайының делегаты.

Бұл көрсеткіш

«

Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы

»

сериясының жалғасы. Биобиблиографияға Халифа Алтайдың өмірі мен

шығармашылық қызметі және оның еңбектері туралы материалдар, ол

туралы жазылған әдебиеттер енгізілген.

Көрсеткіш материалдары хронологиялық тәртіппен, барлық

құжаттар әліпби ретімен – әр жыл шегінде орналасқан. Бірінші кезекте

қазақ тілінде жарияланған еңбектер берілген.

Еңбектердің

әліпбилік

көрсеткіштеріндегі

сілтемелер

хронологиялық көрсеткіштегі еңбектердің рет санымен берілген.

Биобиблиографияның соңында сипаттамалық есімдер көрсеткіші,

есімдер және географиялық көрсеткіштері берілген.