Table of Contents Table of Contents
Previous Page  258 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 320 Next Page

258

АЛТЫН НОҚТА

(Балаларға арналған пьеса)

ҚАТЫСУШЫЛАР:

БАЛАҚАЙ

ҚҰЛЫНШАҚ

БОТА

БҰЗАУ

ҚОЗЫ

ЛАҚ

МЫСЫҚ

ИТ

ТҮЛКІ

ҚАСҚЫР

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс

Ауылсыртындақұлыншақ, бота, бұзау, қозы, лақжайылып,

ойнақтап жүр. Балақай келеді.

БАЛАҚАЙ

(Әрбір төлдің қасына келіп, құшақтап, сипап,

еркелетеді)

:

Құлыншағым, құлыным,

Қуанышқа тудың.

Орғып-орғып, құйғыт,

Сәні болып қырдың!

Қошақаным, қозым,

Қандай қызық көзің,

Тығыршықтай болып,

Бұп-бұйрасың өзің!