Table of Contents Table of Contents
Previous Page  13 / 174 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 174 Next Page

13

Мен боламын жақсы аға,

Дейді сенсің жақсы іні,

Сөйтіп алып қояды,

Атам берген тәттіні!

Інім келіп тәттіге

Таласады тағы да,

Ала салып қашады

Әжеміздің жанына.

Бірге туған бауырмен

Ойыншыққа таласып,

Төбелеспей, тату бол

Тай-құлындай жарасып!

Қарындасым жүгірсе,

Желпілдейді тұлымы,

Сөйлегенде еркелеп,

Сондай тәтті қылығы!

Отбасымыз – құт мекен,

Оттай ыстық ұямыз,

Балапандай шүпірлеп,

Ұямызға сиямыз.