11
Сапар Ысқақұлы «Халықаралық туризм және спорт»
Академиясының академигі:
«МЕН КЕЗБЕЙМІН, НЕСІБЕМ КЕЗЕДІ»
Айрықша сырлы сұхбатымызды бастамас
бұрын Сапар Ысқақұлы жайлы басылым оқырман-
дарына қысқаша мағлұмат беріп кетсек.
Әлқиссамызды әріден, сонау шетелдерді ара-
лап, қаншама асыл мұралары бізге өнеге болып,
кәрі тарихтан ойып өз орнын алған жаһанкез-сая-
хатшы тұлғалардан бастасақ.
Олардың ішінде 14 ғасырдың ақыры 15 ғасы-
рдың басында өмір сүрген Асан Қайғы Сәбитұлы-
ның сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып,
«адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдей-
тін» елінің мамыражай еркін өмір сүруін аңсап,
бұл мұратын «Жерұйық» деп атап, алты атанға
жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ
жерін түгел шолып шығуы, әр қоныс, мекенге бай-
ыпты сын, баға беруі мемлекеттік іс, үлкен қайрат-
керліқ қана емес, қазақ жеріне жасалған ұлы са-
яхат та. Олай болса, Асан Қайғы бабамыз – дала
данагөйі, ірі мемлекет қайраткері, абыз және ұлы
саяхатшы да.
Осындай бабаларымыздың жолын жалғай біл-
ген тағы бір асылымыз жайлы тарих парақтарынан:
«13 ғасырдың соңғыширегінде Қашқарияда Марко
Поло, сосын 1903 жылы саяхатшы Геос қана алып,
үш жарым ғасыр бойы Қашқария жөнінде Еуропа
ғылымында елеулі мәлімет болмаған еді. Осы еу-
ропалықтарға жабық саналған Қашқарияның би-
леушісі Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы
барған немістің белгілі ғалымы, географы Адольф
Шлагинтвейттің басын кескен-ді. Өзін Әлімбай деп
атап, керуен басы Мұсабайдың туысымын деп,
Қашқарияға барған сапарында Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-
Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының
жайы» атты ғылыми зерттеу еңбек жазып, оның
материалдары көп ұзамай неміс, ағылшын тіліне
аударылды, Шоқан ержүрек саяхатшы атанды»
дегендей жайттарды кездестіріп оқығанда жүре-
гімізді мақтаныш кернейді.
Осынау керуеннің алтын шыңжырының
үзілер тұсының жалғаушысы болған тағы бір
алыбымыз жайлы кәрі тарих: «Өзінің саяхатқа
шығу үшін Мәскеуден Санкт-Петербургке 1908
жылы мамыр айында аттанғанын баяндап, сыр
толғаған Әліби Тоқжанұлы Жангелдин естелігін-
де былай деп жазады: «Аяғыма кигенім мықты
спорт башмағы, үстімде шолақ куртка, басымда
кавказдық киіз қалпақ, арқамда жол сөмкесі,
қалтамда 25 сом ақша және фотоаппаратым бол-
ды», – деп басталар ұзақ сапарының бастауын
еріксіз алға тартады. Әліби өзінің өмірбаяндық
естелігінде: «Персияның жеріне аяғым тиген-
де жүрегім лүпілдеп кетті. Өзімнің туған далам
осы таудың ар жағында тиіп тұрғандай көрінді.
Үй ішімді, жақын дос-жолдастарымды есіме ал-
дым», - деп жазып, өзінің Жапонияда – Нага-
сакиде, Токиода, Курутте, Нингатода болғанын
айтып, ойын былай қорытындылайды: «Шығыс
елдерінде болуым менің көзқарасымның қа-
лыптасуына өзінше әсер етті. Аяқ басқан сайын
жантүршігерлік алалық, қарамақайшылықтың
куәсі болдым. Мен бір жағынан кедейлердің қа-