7
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТИКА
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ,
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ,
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ,
БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ ҚАЙСАР
ӘЛІМНІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Қайсар Әлім 1947 жылы қаңтардың 9 жұлдызында
бұрынғы Торғай облысының Жанкелдин ауданындағы Саға
ауылында (Қазіргі «Қызбел» шаруашылығы, Сарықопа
өңірі) дүниеге келген.
1954.
Қарақоға бастауыш мектебінің 1-сыныбына барып,
одан әрі Қызыләскер, Шобан мектептерінде (3-7 сыныптар)
оқып, 1965 жылы Қамысты ауданының Бестау 11 жылдық
мектебін тәмамдады.
1966.
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техноло-
гиялық институтының Алматы филиалына түсіп, оны
1971 жылы өнеркәсіпті жоспарлау мамандығы бойынша
(экономист) бітірді.
1968.
«Қызбел» кеңшарында есепші болды.
1969.
Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне
әдеби қызметкерлікке шақырылды.
1971.
Аға әдеби қызметкер.
1973.
КСРО Журналистер одағының мүшесі.
1974.
Осы газеттің өнеркәсіп, көлік және құрылыс бөлі-
мінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1978.
КОКП мүшесі.
1982-1984.
Алматы жоғары партия мектебін журналист
мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1984.
Облыстық «Коммунизм таңы» газетінің мәдениет
және тұрмыс бөліміне меңгеруші болды.
1985-1990.
Осы газеттің партия тұрмысы бөлімін басқарды.