Table of Contents Table of Contents
Previous Page  20 / 252 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 252 Next Page

19

ұлттарының 25 адамынан тұратын делегацияны бастап барды.

Салтанатты жиында делегация жетекшісі ретінде сөз сөйледі (Тайпей қ.).

Жуңхуа Минго (Қытай Республикасы, Тайвань) мемлекетінің

Президенті Ли Дұң Хуэйдың қабылдауында болды.

1992 ж., ақпан.

Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

шақыруымен Түркиядан Қазақстанға көшіп келді.

Оны Алматыда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының

басшылығы және барлық облыстардың діни өкілдері ресми түрде қарсы

алды.

Қазақстанның облыстарын аралады.

27 сәуір.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен оның отбасында

кездесті.

29 қыркүйек – 3 қазан.

Дүниежүзі

қазақтарының І Құрылтайына

делегат ретінде қатысып, сөз сөйледі.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құруға қатысты.

9 қазан.

«Атажұрттан Анадолыға дейін» атты кітабы үшін

Қазақстан Жазушылар oдағының халықаралық «Алаш» сыйлығы берілді.

26 қараша.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ІІ Құрылтайына

қатысты.

Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Аякөз

қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы атағы

берілді.

1993

1996 жж.

Қазақ радиосында «Имандылық әліппесі»

бағдарламасын жүргізді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Инабат»

имандылық орталығын басқарды.

1993 ж., 11 қараша.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

салтанатты ашылу жиналысына қатысты. Өзінің «Ізгі тілек» атты өлеңін

оқыды.

17 желтоқсан.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Халифа Алтайға

Қазақстан азаматы куәлігін өз қолымен тапсырды.

1994 ж., мамыр.

Сауд Арабиясына қажылық сапары.

Құран Кәрім баспаханасының бастығы, доктор Мұхаммед Сәлім

Афимен кездесті (Медине қ.).

Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды.

1995 ж., 22 сәуір.

Қазақстан Республикасы Президенті

Н.Ә. Назарбаев қатысқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

кеңейтілген мәжілісінде сөз сөйледі. Елбасына Құран Кәрімнің бір

данасын сыйлады (Алматы қ.).

9–12 тамыз

. Абайдың 150 жылдық торқалы тойына қатысты

(Семей обл., Абай ауд.).