7
ОҚЫРМАНДАРҒА
«Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» серия-
сының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш көрнекті
ғалым-биотехнолог, белгілі ғылым қайраткері, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,
биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар
Рахимбаевқа арналған.
Академик І. Рахимбаев туралы биографиялық очерк
авторлары, ғалымның биотехнология, биохимия жəне физио-
логия ғылымдарының дамуына қосқан үлесін, ғылыми
зерттеулердің əдістемелік негізін жаңарту жəне өсімдіктер
биологиясының жаңа бағыттарын университеттерде оқыту,
Қазақстанда биотехнологиялық ғылыми мектеп қалып-
тастырудағы еңбегін баяндайды.
Биобиблиографиясынжазу барысында Ботаника институ-
тының, Бас ботаникалық бақтың, əл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің жəне Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының мұрағаттарындағы мəлімет-
тер пайдаланылды.
Биобиблиографияда ғалым өмірінің негізгі кезеңдері,
ғылыми жəне қоғамдық қызметін сипаттайтын материалдар
жəне жарық көрген ғылыми еңбектері, бірлесіп жазған
авторлардың есімдері, сондай-ақ оның ғылыми жетекшілі-
гімен докторлық жəне кандидаттық диссертациялар қорғаған
шəкірттерінің тізімі берілген.
Көрсеткіш материалы хронологиялық тəртіппен орна-
ласқан, əр жылдың көлемінде – əліпби ретімен: алдымен
қазақша, одан кейін орыс жəне ағылшын тілдерінде жария-
ланған еңбектер беріліп отыр.
Еңбектерінің əліпбилікжəне бірлесіпжазған авторлардың
есім көрсеткіштерінде сілтемелер хронологиялық көрсет-
кіштегі еңбектерінің рет санында берілген.