Table of Contents Table of Contents
Previous Page  12 / 174 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 174 Next Page

12

Менің атам ақылды,

Бізге бата береді,

Арқасына мінгізіп,

Аттай шауып, желеді!

Менің әжем әдемі,

Алақаны аялы,

Біз даладан келгенде,

Күліп құшақ жаяды.

Менің әкем еңбекқор,

Асқар таудай тұлғасы,

Балалардың тірегі

Жақсылардың жолдасы!

Нұрын төккен мейірлі,

Жақсы көрем анамды,

Бөбегім деп сүйгенде,

Мөлдірейді жанары!

Бала, бала, балдырған,

Өмір отын жандырған,

Күн нұрындай күлімдеп,

Көз мейірін қандырған.