Table of Contents Table of Contents
Previous Page  310 / 324 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 310 / 324 Next Page

310

Ал соғымның енді бір қызығы – жілік соғу. Тоқпан жілікті жас

жігіттер тап-таза қылып мүжіп болған соң, ортаға тастайды. Қо-

нақтар жағалай соғады. Астына балтаны жатқызып, қолға орамал

орап, бір тықыл, бір соғыс деп келісіп алып, үлкен-кіші, кәрі-жас

демей жағалай соғып шығады. Әккі боп алған ауыл жігіттері жі-

лікті жалпақ балтаға тық еткізгенде, тықылдан жіліктің әлсіз жерін

дәл танып, соққан кезде қақ бөледі. Сондықтан, бәске қызған жі-

гіттер тықылсыз бір соғыс деп шарт қойып, жалаңаш қолмен соға-

ды. Мұның әдісін білу керек, құр қара күштен ештеңе шықпайды.

Ертеректе бір дәу орыс күшіне мастанып, жалаңаш қолымен құ-

лаштап періп қалғанда, жілікке дәнеме де болмапты. Ал ана орыс-

тың қолы сынып кетіпті! Әдісін тауып соқса, ақсақалдар да сын-

дыра береді жілікті.

Соғымның ең үлкен қызығы – семіз етті, әсіресе, сере шыққан

қазыны жақсылап жеу. Біздің Кеңащының шалдары семіз бір табақ

етті ойнап-күліп отырып, еңсеріп тастайтын. Оның бел ортасында

Мамау мен Баймолда ағамыз жүретін.

Қызыл шырайлы, толықша келген, екі беті бал-бұл жанып тұ-

ратын Мамау ағаның шын аты –Маман Әубәкіров. Кеңащы «Вос-

точный» совхозының бөлімшесі болып тұрғанда, бөлімше меңге-

рушісі болды. Елге еңбегі сіңген, ауылдың бетке ұстары, ақылгөй

ақсақалы, қазыналы қариясы еді. Зайыбы Қуаныш тәтеміз екеуі

қазақы салт-дәстүрді ұстанған, балаларын әдебиет, өнерге жақын

етіп тәрбиелеген өнегелі жандар болатын. Мамау аға сексеннен аса

жасап қайтты.

Міне, осындай кісілерді сере шыққан қазыны жеп қоятын деп,

ауылымыз әлі күнге аңыз қылады. Баймолданың піскен қазы түгі-

лі, семіз биені сойып жатқанда қазысының шетінен үзіп алып, ши-

кідей жұтып қоятынын талайлар таңдай қағып, әңгіме қылатын.

Бала күнімізде Бұлақбасындағы ағайынымыз, Кеңесбайдың баласы

Алдиярбекті жеңді білектей қазыны тұтас жұта салады деп, ертегі-

нің жемпазы сияқты көретін жұрт. Шынашақтай ғана Қазез құда-

мыз Сүйіндік құдамен ерегісіп, бір білем қазыны етінен ажыратып

алып, қылқ еткізе салғанын көргендер аузының суы құрып айтады.

Семіз етті жеп болған соң, бір-бір аяқ құрт езген сорпаны сімі-

ріп алатын.

«Ет – дерт, сорпа – шипа!» десетін, ауыздарын сүртіп отырып.

Ал, жарайды, мұның бәрін неге айтып отырмыз?!