Table of Contents Table of Contents
Previous Page  107 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 336 Next Page

107

Сендердің мойындарыңды бұрап алу қолынан келеді, керек

болса, дөй ағасын іске қосады. Ана сырға жетіп жатыр бәріңе.

Сондықтан жандарыңды күтіңдер, ертең жайылып жастық,

иіліп төсек болыңдар. Әйтпесе сендерге мен де бұйырмаймын.

Онсыз аяғымды қия баса алмаймын, сендер үшін ондай

сүйеуімнен айрылар жайым жоқ» деп зілдендім. Лезде естерін

жиып алды. Қалғанын өзің де көрдің ғой. Түндегің ғажап

болды. Әрі арам қандарын ағыздың, әрі идеям іске асты.

– Ал енді олардың артқан жүгін не істейсің?

– Қиқымат атым бар емес пе, бірдеңе қыламын да. Бұдан

былай ішіп-жеуге, киюге, кәнберт алуға дағдылан, бала.

Аярлардың айламен тапқан ақшаларын аяйсың ба? Далаға

кеткенше, бізде кетсін. Һе, һе, һе...

САҚ БОЛҒАЙСЫҢ, АҒАЙЫН!

Бар әңгіме осы, бауырлар. Күн шығып келеді, қазір мен

азырақ ұйықтап алуға тиіспін. Өйткені ертең жұмыс бар ғой.

Үсті-басымды, бет-аузымды тәртіпке келтіріп, түк бүлдірмеген

бала құсап монтиып отыруым керек. Бүкіл тірлігімді алдарыңа

жайып салдым. Өзіме де обал жоқ. Қызу мен бұзудан басқаны

ойламаппын. Онда қандай мағына бар, не мұратыма жеттім, ол

жағын сіздер болмасаңыздар, мен білмеймін. Айналыңқырап

тұрған басыма қанша күш түсірсем де, өрем жетпей-ақ қойды.

Бәлкім, күлерсіз де қоярсыз. Бәлкім, күлмей-ақ қоярсыз, бірақ

мен өзіме өзім күлдім, ал сіздің қолыңыздан ондай батырлық

келе ме, жоқ па? Жалғыз-ақ айтарым, менен қорқып, үрікпей-

ақ қойыңыздар. Қаһарланып келе жатқанымда, «батыр» деп

алдай салсаңыздар болды, бусанып қоя беріп, беттеріңізден

сүйіпшығарып саламын. Көп ішінде бір тентекжүре береді ғой.

Тек қана Қиқыматтан сақ болғайсыздар, іштен шалып кетіп

жүрмесін! Ал, жақсы, мен демалуға кеттім. Ертең де тіршілік

бар, көрерміз...

Автордан:

Әңгімелер циклынан тұратын бұл сатиралық

повесть 1980-1982 жылдары республикалық басылымдарда

жарияланып, 1982 жылы Алматыда, «Жалын» баспасынан

«Қиқыматтың хикаялары» деген атпен жеке кітап болып

басылып шыққан. Аздаған қысқартулармен беріліп отыр.