Previous Page  10 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 370 Next Page

9

Сапар Искаков. Путешествие вокруг света

– Сапар мырза, сіздің өмірбаяныңызбен таны-

сып, түрлі қызық жағдайларға тәнті болып отырмын.

Қоржыныңызға жинаған сан түрлі атақ та, байлық

та, даңқ та, бәрі-бәрі сізге жететін сияқты, бірақ менің

көкейімде «осындай адамның қандай арманы бар?» де-

ген сұрақ тұр.

– Материалдық дүние мен үшін ең бастысы емес. Мен

байлықты баю үшін жинамаймын. Меніңше, адамдардың екі

түрі болады, бірі ақшаның келгенінен рахат табады, екіншісі

ақшаны бергеніне рахаттанады. Мен ақшаны біреуге беру-

ге рахаттанатындардың қатарына жататын шығармын. Жа-

сымнан талмай адал еңбек еттім, енді сол еңбектің рахатын

көретін жасқа келдік. Жер-дүниені аралап, қолымнан келсе,

қиналғанға көмектесіп, қысылған жанның алғысын алғанның

өзі маған үлкен қуаныш сыйлайды. Ал, армансыз адам бола

ма? Пенде болғасын менің де қолым жетпеген нәрсенің

болуы заңдылық. Бірақ ол, мамандық, ақша, байлық, билік

секілді қолдың кірі болар дүниелер емес.

– Сол сырыңызды бізбен бөліссеңіз қайтеді?

– Адамның ақтарылып айта алмайтын, өлсе өзімен бірге

кететін де құпиялары болады. Бұл менің сондай құпиям деп

есептеңіз.

– Сіздің музыка, сурет өнері, туризм секілді адам

жанының нәзіктігінен хабар беретін рухани дүниеге

жақындығыңыз, тіпті меценаттығыңыз да жүрегіңіздің

сезімге бай, сырға да жырға да толы екендігінен хабар

береді. Бәлкім бұл жастық шақта жүрекке түскен бір

жара болар?

– Мен бұл сұрағыңызды жауапсыз қалдырайын, ол менің

құпиям болсын.

– Өкінішті, мен жақында «Тілеп пен Сарықыз» атты

поэмамен таныстым. Маған махаббат дастаны қатты

ұнады. Айтыңызшы, білуімше, Тілеп сіздің тікелей

бабаларыңыз емес пе, ал, «Сарықыз», «Баян сұлу» атты

балет, операны айдай әлемді таң қалдырған дүние жүзі

классиктері сіздің тапсырысыңызбен жазып жатқанын

да естідік.

– Иә, менің жаным музыканы сүйеді. Ал, «Сарықыз» жай-

лы жазылған дастан да, опера да, қойылатын балет те махаб-

бат тақырыбында. Бұл бір жағы әлемдік аренаға қазақтың