Previous Page  9 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 370 Next Page

8

Сегіз к,ырлы бір сырлы

Сапар Ысқақов

– жаратылысы ерекше, бірегей тұлға. Оның өмірлік жолы сан тарау. Ең алдымен ол қазақтың

«ұлт» десе өмірін беретін ардақты ұлы. Жастайынан құрылысқа араласып, еліміздегі үлкенді-кішілі қалалардың

ғимараттарына өз қолтаңбасын қалдырған инженер-құрылысшы, сәулеткер. Одан кейін әр сөзін ісімен дәлелдей

білетін іскер азамат. Өнерге де, жоқ-жетімге де аялы алақанын созған меценаттығын, жомарттығын айтпасқа

болмайды. Ендігі бір өмірінің мағынасындай көрінетін қыры - ән мен күйдің, музыканың сиқырлы үніне бас ұрған,

әнсүйгіш-меломандығы. Оның жиһанкез-турист екенін көп адам жақсы біледі. Ал, археологиямен айналыса-

тынын, әуесқой археолог екенін көп ешкім біле бермейтін де шығар. Сонымен қатар кейінгі кездері өз көзімен

көргендерін кітап етіп жазып, басылым шығарумен де айналысып жүр. Бала кезінен арманы болған ұшаққа деген

қызығушылығын бүгінгі күні жүзеге асыруға ұмтылған әуесқой-ұшқыштылығы тағы бар. Оның өмірден түйген

пәлсапасы да, ұстанымы да өзгеше. Қысқа ғана сұхбатта оның адамдық тұлғасын айқын таныта білдім деу

– әбестік болар. Әйтсе де, сегіз қырлы бір сырлы мырзаның ұлағатты өмірі, азаматтық жолы – үйлесім мен

жарастыққа құрылған отбасы – жалындаған сан жігітке үлгі болса деген оймен әңгіме өрбіткен едік.

САПАР ЫСҚАҚҰЛЫ ЫСҚАҚОВ

Бұрынғы Торғай облысының Амангелді ауылында 1941

жылы5 тамыздадүниегекелген. Қарағандыполитехникалық

институтынбітірген.Инженер-құрылысшыретіндебасталған

оның еңбек жолы еліміздегі түрлі деңгейдегі құрылыс са-

ласында жалғасып, басшылық қызметтер атқарған. 1991

жылдан бастап, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнеске

араласқан. 1998 жылдан еліміздің бас қаласына қоныс теуіп,

Астана құрылысына өз қолтаңбасын қалдыруды мұрат етті.

2005-2006 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында екі рет

«Жыл адамы» – «Алтын Адам» атағын, «Астананың іскер

адамы» (2006), 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу)

атақтарын иеленген. Ресейдің «Держава», Ұлыбританияның

«Королева Виктория» атындағы, Швейцарияның халық­

аралық «Алтын медаль» ордендерін кеудесіне тағып,

Елбасының Құрмет дипломын алды. Халықаралық меце-

наттар, Халықаралық туризм және спорт академияларының

академигі. Әлемнің 6 құрлығының 100-ден астам елін

аралаған жиһанкез жақында ғана жер шарының оңтүстік

полюсі саналатын Антарктидаға барып, Қазақстанның көк

байрағын желбіретіп қайтты. Сапар мырза – Мәскеудің 850

жылдығы атындағы саябақтың «Ұлт мақтанышы» атты ме-

ценаттар аллеясына аты жазылған жалғыз қазақ.

Жары Күміс Бейсекқызымен бір қыз, екі ұл тәрбиелеп,

олардан 6-7 немере көріп отыр.