Previous Page  12 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 370 Next Page

Сапар Искаков. Путешествие вокруг света

11

секілді туризммен айналысқан соң оңтүстік және солтүстік

полюстерде болып, жер шарын бір рет айналып өтсем, онда

менің жиһанкездік талабымның орындалғаны болар еді.

Оңтүстікте болдым, енді солтүстік полюске баруға жазылып

қойдым. Ол Антарктида секілді қиын емес, туристерге барлық

жағдай жасалған, әрі мұзжарғыш кемемен барасың. Құдай

бұйырса, осыларды орындағым келеді.

Антарктидаға сапар шегуге қанша қаржы жұм­

садыңыз?

– Бұл жолдың өзі қиындау, күтпеген шығындары көп бол-

ды. Сондайболжамағаншығындарды, ұсақ-түйекті қоспағанда

әр адамға 50 мың ақш доллары жұмсалды. Жеңгеңмен бірге

бір журналисті ертіп бардым ғой (3 адам).

– Еліміздегі туризм туралы және осы сала қы­

зықтыратын адамдарға өзіңізге естен кетпес әсер сый­

лаған кереметтер жайлы бір-екі ауыз әңгіме айтсаңыз

қайтеді?

– Мен баратын елмен алдын ала танысып, бағдарлама жа-

саймын. Ол елде ең алдымен тарихи, мәдени ескерткіштер,

көретін нәрсе болуы керек. Біздің Қазақстанға келген тури-

стер үшін дәл осындай жерлер, яғни көруге тұратын, әлемнің

сегізінші кереметі деп таңдай қақтыратындай жерлер бар.

Олардың бірі – Алматы түбіндегі Тамғалы, 2-3 мың жыл бұрын

табылған өте қызық, айтары көп орын. Мынау Маңғыстау

облысында «Үстірт жазығы» деп аталады, тек, ұшақтан ғана

көруге болатынжазық дөңнің үстіне түскен таңбалар бар. Был-

тыр барып көріп, биыл Еуразия университетінің студенттерін

өз қаражатыммен зерттеуге жібердім. Бұл ғылымда белгісіз

нәрсенің біреуі саналады, осыған ұқсас суреттер Перуде

бар, мұны басқа планетадан келгендер салды ма, әлде өз

адамдарымыз салды ма? Қашан, қалай, не үшін салды деген

сұрақтар жауапсыз жатыр. Бұл бәрін білгісі келетін адам-

дар үшін қызық дүниелер ғой. Ал мені қатты таң қалдырған

осы Орта Азиядан 4-8 мың жыл бұрын ауған Мексикадағы

майя, Перудегі инк дейтін тайпалар. Олардың тілдері де,

дәстүрлері де біздікіне ұқсас. Жалпы тарихты тану – ұлтты

сүюдің негізі. Мысалы, біздің ата-бабаларымыз – сақтардың

алтын адамды безендірген бір ғана әшекейі мен ат әбзелдері

күллі халқымыздың мәдениетінен, білімі мен өнерінен хабар

береді. Бірақ бізге орыстар бір-екі ғасыр бұрын ғана жабайы,

тағы ел деп қарады ғой.

– Енді әңгімемізді қайырымдылықшаралар төңірегіне

бұрсақ. Егер тізіп жазатын болсақ, Сіз газеттің бір беті

аздық ететіндей шараларға демеушілік көрсеткен екен­

сіз. Бірақ мені таң қалдырғаны – Ресейдің қос бірдей

орденін кеудеңізге тағып, тіпті Мәскеудің меценаттар

аллеясына атыңыз жазылғанына қарағанда, қазақты

қойып орыстарға да көмектесіп кеткенсіз бе, қалай?!

– «Көмектесем десең қазақ құрып қалды ма?» деп тұрсың

ғой, қарағым, ә?! Жоқ, мен оларға атақ үшін ақша тарата-

тын жан емеспін. Интернет арқылы өздері маған хабарла-

сты. «Осылай меценаттар аллеясын ашамыз, Қазақстаннан

сізді лайық көріп отырмыз» деді. Кейіннен Кремльдің

қабырғасында ордендерін табыстады. Ал, Ұлыбританияда

мен екі концерт қоюға мұрындық болдым. Мына біздің

қазіргі жастар менсінбей жүрген қобыз, қылқобыз, дом-

быра, сазсырнай, жетігеннің үнін естірттім. Біздің аспап-

тармен талантты музыканттарымыз әлемнің классикалық

шығармаларын орындап берді. Әлемдегі ең үлкен театр са-

налатын 8000 орындық залда бір бос орын болған жоқ, Сон-

да Лондондағы қазақтар залда отырып егіліп жылапты. «Біз

де Европаның төріне жеткен екенбіз ғой» деп. Ал, мұндай

кереметті көрмеген шетелдіктер әр орындалған шығармадан

соң, ұзақ қол соғып, дуылдатып кешті қыздырған. 70 доллар

тұратын СД-дискіні түк қоймай талап кетті. Дискіні шығарған

«Сони» компаниясы 100 мыңыншы дискі шыққанда маған

алтын дискіні сыйлады. Бұл қазақтың ұлттық музыкасының

классикаға сай, әлемге танылуға зор мүмкіндігі бар екенін

көрсетіп тұр. Кейін сол концертті Астанада өткізгенімізде

Ұлыбритания Королевасының кіші ұлы Принц Эндрю өзі

Англиядан келіп, көріп кетті. Лондонда қатыса алмай қалған