Previous Page  11 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 370 Next Page

10

молеттер келіп, соларды көрген біздердің арманымыз осын-

дай темірді бағындыру болатын. Газеттерде де ұшақтар тура-

лы көп жазылатын, мақтайтын. 8 сыныптан бастап спортпен

айналыстым, «Советская авиация» деген газетті, басқа жур-

налды жаздырып алатынмын. 1953-54 жылдары Арқалықта

тұрамыз, алғаш пошта таситын самолет келді ауылға. «ПО-2»

дейтін, фанерден жасалған, жаз күндері қонатын, қона ал-

маса қыста поштаны көктен лақтырып кете беретін. Ұшақ

қонатын жерге біздің үй жақын еді. Ол келіп қона бастағаннан

жүгіріп барамын. Сөйтіп айналдырып жүретінмін. Ұшқыштың

аты – Сапарғали Теңізбаев деген, Орскінің қазағы. Сон-

да бар болғаны 20-21-дегі жігіт қой. Бір ғана двигателі бар

кішкентай ұшақтың оталып жүріп кетуі де қиын. Мен соған

көмектесетінмін, «От винта!» деп бұйрық беремін. Соның

өзі бақыт еді. Кейін ауылды 2-3 рет төбеден айналдырып,

мені түсіріп кететін. Оқуды бітіргенде әкеме әскери авиация

училищесіне баратынымды айтып едім, қатты наразы болды.

«Ертең сенің сүйегіңді қайдан теріп аламын, Сібірге әкете ме,

шығысқа әкете ме? Енді жетілдім, жеттім дегенде көрсетейін

дегенің осы ма?» деген секілді сөздер айтты. Өзі соғыстан

мүгедек болып оралған, көп жыл мұғалім болып қызмет

істеген кісі. Үйдің үлкені мен, менен кейін төрт қыз. Әйтсе де

әкемді әскери емес азаматтық ұшқыштар училищесіне бару­

ға көндіріп, Бугурусландағы ұшқыштар училищесіне түстім.

Соғыс ойындарына қатысатын ұшақтармен ұшуды армандап

жүрген мен әлгі жерге барып, көңілім су сепкендей басылды.

Мына біздерде автомектептер бар ғой, ескі мәшинелермен

жүргізуді үйрететін, сондай бірдеңе екен, лас, іріп-шіріп тұрған

училище. Қолды бір сілтеп, ауылға қайттым. Одан кейін сырт-

тай оқудың да мүмкіндігі болды. Обастағы мақсатым әскери

ұшақтар еді, соған қолым жетпеген соң, ақыры құрылыс са-

ласына кеттім. Бірақ бала кездегі әуесқойлық, қызығушылық

қойсын ба? Былтыр бір ұшақ сатып алғанмын, қазір ұшқыштар

училищесіндегі балалар жаттығу үшін пайдаланып жүр. Өзіме

Астананың маңынан жеке шағын аэродром салсам деген де

ой бар. Жас болса келді, оның маған керегі де жоқ, тек бала-

лар үйренсе, қазақтың балалары осындай техниканың тілін

білсе деймін.

Қазір туристерге де ғарышқа сапар шегуге болады. Бірақ

мен біраз уақыт бұрын инфаркт алғанмын. Сондықтан да ол

жаққа денсаулық көтермейді-ау.

– Сапар мырза, жалпы сізді туризммен айналысуға не

итермеледі? Бұл да бала кездегі қызығушылық па?

– Әркімнің жан дүниесі, көңілі қалайтын нәрселер болады.

Мені археология, жалпы қоршаған ортаны тану, елтану секілді

нәрселер қатты қызықтырады. Туризм – бұл да спорттың бір

түрі. Мен қандай нәрсемен айналыспайын жоспарлы түрде

кірісемін. Оның үстіне бастаған істің аяғы, дәлірек айтсақ жет-

кен шыңы, биігі болуы керек. Алты құрлықтағы 100 елді ара-

ладым, әлемде 200-дің сыртында ел бар, оның бәрін аралау

міндетті емес. Дүниежүзінде 8000 метрлік 14 шың бар екен,

мына альпинистер біреуіне шыққан соң, екіншісіне шыққысы

келетін көрінеді. Біздегі бір жігіт 12-сіне шығыпты, енді екеу

қалды деп жүр, бұл да құмарлық, әуесқойшылық қой. Сол

музыкасын таныту болса, екінші жағынан менің жүрегімнің

әні, ішкі көңіл күйім шығар. Тілеп – біздің арғы атамыз.

Қазақта Қорқыттан кейін атақты Қойлыбай деген қобызшы

өткен. Тілеп Аспантайұлы сол кісіден бата алған, күңіренген

қобызбен Торғайдың даласын дүрілдеткен өнер иесі. Менің

баба атындағы қобызшылар квартетін ұйымдастырып,

«Тілеп» атты қобыз сарайын еліміздің бас қаласынан салып

жатқаным да сондықтан. Әлем қобыздың сиқыр үнімен де

қазақты таныса деймін.

– Сіздің бір кезде ұшқыш болсам деген тал­

пынысыңызды білемін. Әлемнің 100-ден астам елін

аралаған жиһанкезсіз, енді сіз ғарышқа да туристік са-

пармен барсам дейтін шығарсыз?

– Ұшқыш болу – бала кездегі арман ғой. Менің

қатарластарымның көпшілігі де осылай армандаған шығар.

Менімен құрдас Елбасымыз да «ұшқыш болуды армандадым»

деп жазыпты. Соғыстан кейінгі кездерде елімізге бірінші са-