Table of Contents Table of Contents
Previous Page  7 / 226 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 226 Next Page

6

КІРІСПЕ

«Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана қорында сақтаулы шет тіліндегі

сирек кездесетін кітаптардың мазмұндалған суретті библиографиялық

көрсеткіші» атты еңбек «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Ғылым комитетінің 2012-2014 жылдары ғылыми зерттеулерді

гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

«Ғылымордасы»РМКҒылымикітапханасыныңкітапқорында5миллионнан

аса құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын

алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаби ескерткіштердің

тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор.

Сирекқортоптамасындағықұндыжәдігерлердіңбірі – батысеуропатіліндегі

кітаптар. Әрбір кітап данасы кітап басылған кездегі мәдени ескерткіштерді

ғана емес, сол ғасырдағы көптеген өмір іздері жайынан сыр шертеді.

Шет тіліндегі сирек кітаптар тарихи отанынан мың километр жерде жүз

жылдан бері сақтаулы. Бұл кітаптардың барлығы таңғаларлық мазмұнымен,

суреттерімен, әдемі мұқабаларымен, физикалық өзгеше қағаздарымен, анық

жазбаларымен, әдемі әріптерімен ерекшеленеді. Бұл көрсеткіш шет тіліндегі

басылымдардың аннотациялық көрсеткіштері мен XVI-XIX ғғ. батысеуропа

тіліндегі сирек кітаптар қоры құрамын ашып көрсететін алғашқы тәжірибелік

басылым.

Құжаттардың библиографиялық сипаттамасы стандартты талаптарға

сәйкес орындалған.

Көрсеткішті дайындау кезінде мына кезеңдер бойынша жұмыстар

жүргізілді: әдебиеттерді іріктеу, библиографиялық жазбалардың құрылымы,

алдын-ала тақырыптарын аудару, аннотациялық құжаттардың тиімді

нұсқасын таңдап алу, көрсеткіштерді дайындау т.б.

Барлық жинақталған библиографиялық дерек басылымның авторлары

мен тақырыптары бойынша қатаң алфавиттік тәртіппен орналастырылды.

Оқырманға ұсынылып отырған кітаптар әлем елдерінің мәдениеті мен

ғылымы дамуының маңызды кезеңдерін көрсетеді. Шекаралық аумағы

Италия, Франция, Нидерланды, Германия, Англия, Ресей және тағы басқа

мемлекеттердің латын, неміс және ежелгі неміс, италиян, голланд, француз

және ағылшын тілдерінде жарияланған басылымдарын қамтиды. Кез

келген библиографиялық көрсеткіштерді құрастырудағы мақсат – оның

ақпараттылығын жоғарылату. Дереккөздердің құндылығын ашатын –

аннотациялар. Көрсеткіштегі аннотациялар әрбір кітапқа жеке қазақ және