Table of Contents Table of Contents
Previous Page  8 / 226 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 226 Next Page

7

орыс тілдерінде берілген, бұлар оқырманға деректерді талғап, таңдауға

көмектеседі. Басылымдардың тақырыптық қамтылуы әр түрлі. Басылымдар

XVI-XIX ғасырлардағы дәуір көрінісін суреттейді. Ол кітаптың тақырыбы мен

мазмұнынан көрінеді.

Ең ежелгі әрі сирек кітаптардың бірі 1556жылғы– «Ariosto L. Orlando furioso.

Tutto ricorretto, et di nuoue figure adornato. – Venetia: Appresso Vicenzo Valgrisi,

nellabottegad’Erasmo, 1556-556p.»–Өркендеудәуірініңитальяндықақыныәрі

драмматургі Людовик Ариостоның (1474-1533) «Қаһарлы Роланд» («Қаһарлы

Орландо») поэмасы – әлем әдебиеті мойындаған жауһарларлардың бірі, өлең

түріндегі рыцарлық роман. Тізімге авторлардың көзі тірісіндегі басылымдары

енген. Мысалы: шынайы бейне мен «көркем архитектура» арасындағы

шекарасы білінбейтін қабырға көркемсуретінің асқан шебері, барокко өкілі

Андреа Поццоның «Pozzo A. Prospettiva de pittori et architetti. Parte prima. –

Roma: Antonio de Roffi, 1702. – 103p.: 102 ill.» атты италияның болашақ сурет

өнері мен архитектурасының теориялары жайындағы трактаты.

Бұл көрсеткіште Ғылыми кітапханада сақталған XVI-XIX ғасырлардағы

батысеуропа тіліндегі басылымдардың бір бөлігі ғана қамтылды. Алдағы

кезеңде көрсеткіштің келесі бөлімдері өз жалғасын табатын болады.

Бұл көрсеткіш қалың оқырман қауымға арналған: ғалымдарға,

оқытушыларға, студенттерге, кітапсүйерқауымға, суретші-кескіндемешілерге,

кітап безендірілуіне қызығушыларға және т.б.

Барлық ескертулер мен тілектерді мына мекен-жайға жіберулеріңізді

сұраймыз: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28 үй, «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми

кітапханасы.