Table of Contents Table of Contents
Previous Page  251 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 251 / 320 Next Page

251

әйтпесе екі құлашжіпшығар!Жоғалса, тапқаналар, салБіржан

ағамыздан бұл елге бір белгі боп қалар! Табылмаса, жерде

шіріп жата берер! Сол үшін аспандағы жұлдыздай жарқыраған

алтын басыңызбен мөлдіреген көзімізге бояу жағып, елжіреген

көңілімізге қаяу салатындай не көрінді!?

(Біржан оқыс серпіліп, күрт өзгеріп, қыран бүркіттей

сілкініп, әндете жөнеледі).

ЛӘЙЛІМШЫРАҚ

2-түрі

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,

Таудан аққан құм қайрақ, сен бір бұлақ.

Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек,

Шідерімнің бағасы қырық қысырақ.

Ай, қалқатай, а-ай,

Қырық қысырақ!

Өзіме бер, шідерім тауып алсаң,

Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.

Жерде шіріп қалса да өзіме бер,

Шыбын жаным қиналсын бітім алсам.

Ай, қалқатай, а-ай,

Қырық қысырақ!

ЕСЕРЛЕУ ЖІГІТ:

Қырық қысырақ... Қырық қысырақ! Әй,

кімді ақымақ қылады мынау! Қырық қысыраққа татитын ол

неғылған шідер соншама?

ЖЕҢГЕЙ:

Жә, тоқтат! Сөз ұқпасаң, өрекпімей тыныш отыр!

Біржанның көздеп отырғаны шідер емес! Шідерін қырық

қысыраққа бағалап, Ләйлім шырақтың қалыңына атап отыр

ғой!

ҚЫЗ:

Міне, сөз деген қайда жатыр!

КӨЛБАЙ:

Ой, әттеген-ай...

(Ләйлім бір жағы ұялып, бір жағы қуанып, Біржан салға

жалт етіп бір қарап, бір шетке қарай ығысып тұрады).