Table of Contents Table of Contents
Previous Page  254 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 320 Next Page

254

ҚАЙНАҒА

(қаны қайнап, қаталданып)

: Әй, Біржан,

сен ер болсаң, мына шолағыңның дүлей күшін арқаланып,

қалқаланба! Еркек болсаң өзің шық, қане, менімен күреске!

Мені жықсаң, Ләйлім сенікі! Жығылсаң, жер бауырлап

жылжып кет жұртыңа қарай! Ха-ха-ха!

БАЛУАН ШОЛАҚ:

Жап аузыңды, жалмауыз! Сенің жаман

қолыңды Біржандай асыл ағамыздың жағасына тигізіп қойып

қарап тұрады деп пе едің бізді! Белдесердей сен кімсің, Біржан

ағамыз кім!

ҚАЙНАҒА:

Жекпе-жектен қашқан кісі кім болушы еді?

Қатын дағы сенің Біржан ағаң!

БАЛУАН ШОЛАҚ:

Тарт тіліңді! Қышынып бара жатсаң,

кел, менімен шық!

ҚАЙНАҒА:

Сенімен шығатындай сен менің құныкерім

емессің! Аулақ жүр араласпай!

БАЛУАН ШОЛАҚ:

Біржан аға, рұқсат етіңізші, мына

оттаубайды оқтаудай қылайын әп-сәтте!

БІРЖАН САЛ:

Жә, сабыр ет, айналайын! Мұның қалағаны

мен болсам, көріп-ақ алайын осыдан келген керді!

(Біржан сал сәнді қамзолы мен қалпағын шешіп, Әзілкешке

ұстатасалып, көйлекшеңортағашығады.Қайнағаменұстаса

кетеді. Екі жақ қиқулап қоя береді. Біраз ырғасып, алысып-

жұлысқаннан кейін Біржан әлгіні қапсыра тік көтеріп алып,

жерге құйрығымен бір-ақ ұрады. Анау орнынан қозғала алмай

жатып қалады. Жолдастары көтеріп алып кете береді).

ҚАЙНАҒА

(басын көтеріп, бұрылып)

: Жеңдім деп мәз

болмаңдар! Ләйлімді мен бергенмен, ел берген жоқ! Ертең түске

дейін осыауылдан аттанып кетпесеңдер, өз обалдарың өздеріңе!

Қалың қол боп қаптап келіп, таптап өтеміз! Балуан Шолақ,

бұла күшіңді бұлдама! Құрама мылтықтың қой боғындай

қорғасыны жалынсың!

(Кетеді).

ӘЗІЛКЕШ

(күрес алаңын

айнала жүріп)

: Мә-с-са-ған!

Мынаны қараңдар! Әлгінің жамбасы тиген жер ойылып кетіпті

ғой!

БАЛУАН ШОЛАҚ:

Рас, әй! Біржан аға, талай күресті көріп

едім, бірақ алысқанның артын жерге тығып жібергенді бірінші

рет көріп тұрмын! Ха-ха-ха!