Table of Contents Table of Contents
Previous Page  255 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 320 Next Page

255

ӘЗІЛКЕШ:

Ақыр бастан қан шыққан соң, не тұрыс, Біржан

аға! Күрескенде бәс тіккен өздері, ерегескенде қызды қазір

алып жүре беру керек!

БІРЖАН САЛ:

Е-е, бұл күрестің жөні бөлек, жолы басқа

ғой! Амалың қайсы! Әттең, дүние-ай!

БАЛУАН ШОЛАҚ:

Біржан аға, ендігісін құдай, аруаққа

тапсырып, атқа қонып, атойлап бір шықсақ қайтеді! Аттан

десеңіз, Керейдің көкжалдарын дүрк көтеріп, қамал-

қорғаның болуға дайынмын! Сүйгеніңді ала алмасаң, ел еркесі

болғаныңнан не пайда?! Шын махаббаттың жолында мал да,

жан да құрбан емес пе! Ғашығыңмен қол ұстасып, елден алысқа

кетпек түгілі, ғарышқа ұшып кетсең де, нағыз бақыт емес пе!

Айтыңыз, аттан деңіз, Біржан аға! Исі қазақ басына көтерген

әншісінің бір еркелігін көтеріп, Ләйлімдей аяулы арудың бас

еркін бермес дейсіз бе!? Аттан деңізші, аттан!

(Біржан сал үнсіз. Ой үстінде. Оның көңіл күйін байқаған

көпшілік ақырындап тарауға айналады. Бір шетте бүрісіп

тұрған Ләйлім оған қарай жақындай береді. Аға жауабын

күтіп, тықыршып тұрған БалуанШолаққа Әзілкеш қолымен

«кеттік» деп ымдайды. Ол екеуі кеткен соң, Біржан мен

Ләйлім бір-біріне құшақ жая ұмтыла бергенде, Көлбай қайтып

келіп, алыстан сермеген қолымен екі арасын бөліп тұра

қалады).

КӨЛБАЙ

(күңіреніп)

: Елге бүлік саламын десең, еркің

білсін! Мен көндім, бердім саған! Билігін өзің айт, төрелігін өзің

шығар!

(Қойнынан

шідерді алып шығып, ортаға ұзынынан

тастайды).

Бұл сенің шідерің, Біржан сал! Біз оны тығып

қойғанда, сені жібергіміз келмей, бірер күн думандатсын,

ауылды әнге бөлесін деп едік. Әнге де қандырдың, бәлеге де

қалдырдың! Енді осынау ала жіптен аттап кете алсаң, қайтейін,

маған-ақ түсер салмағы! Тәуекел, көріп-ақ алдым! Бірақ мені

ойламасаң да, елді ойла, бата бұзғанның ақыры – қарғыс, бүлік

болатынын білмейтін көркеуде емессің ғой! Ұзақ-сонар дау-

дамайға айналып, аяғы жүгініске тіреліп, айып-ажын, малмен

бітсе жақсы, ал егер ерегеске ұласып, төбелеске жалғасып,

қантөгіске кетсе, онда мені мен сен ғана емес, бүкіл ел

арылмайтынбәлегеқалдыдейбер!Елдіңберекесін,ынтымағын,

бірлігін ойлайды деген сен екеуміз онсыз да маңдайдан соры