Table of Contents Table of Contents
Previous Page  261 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 320 Next Page

261

көреді... яғни біз, мысық баласы, қазынаның қисабында емес,

адамзаттың мисалындамыз, мияу, мияу, әй, милау!!!

ТӨЛДЕР:

Ха-ха-ха! Хе-хе-хе!

ИТ:

Әй, қойыңдар енді оттамай! Бәлем, ертең қасқыр

келгенде көрермін күлгендеріңді!

БАЛАҚАЙ:

Қойыңдар енді, қоя қойыңдар! Бір-біріңді ма­

зақтамаңдар, «бөлінгенді бөрі жейді» деген бабаларымыз!

БОТА:

Әбден дұрыс айтқан!

ҚОЗЫ:

Дауы құрсын, тыныштық керек!

(Бұлар дуылдасып

жатқанда, қасқыр мен түлкі жасырынып, алыстан то­

руылдап жүреді)

.

БҰЗАУ:

Тату-тәтті болсақ, күйісіміз... мө-ө-ө, күйіміз жа­

ман болмайды!

ЛАҚ:

Мә-мә, тау-тастан тұяғымыз мұқалмаса, о дағы

татулықтың арқасы! Сондықтан шырық бұзбаңдар! Үп-үлкен

ит басыңызбен титтей нәрсеге бола иттей болғаныңыз ұят емес

пе-е-е?!

БҰЗАУ:

Иә, бостан-босқа итше үргеніңіз масқара!

ИТ:

Ыр-р!

БОТА:

Майлы сүйекке таласып, ырылдаса кететін

ұяластарың емес, текті төрт түлік тұқымдарының ортасында

жүргеніңді ұмытпа, әй, итім!

МЫСЫҚ:

Мияу, мияу!

ЛАҚ:

Сен де бет-аузыңды жаланып, мүләйімси берме, мы­

сығым!

БҰЗАУ:

Иә, итекеңе сүйкене бермей, тып-тыныш тыш­

қаныңды аулап, жайыңа жүрсеңші! Мысықтілеуленіп, пыс ете

қалатын пәлебасы сенсің!

МЫСЫҚ:

Ыр-р!

ҚҰЛЫН:

Жә, болды енді, қойыңдар! Бәрің де сау сиырдың

боғы емессіңдер! Біреуге ақыл айтқанша, алдымен өздеріңді

жөндеп алмайсыңдар ма?!

БҰЗАУ:

Мө-ө! Не дейді, әй, мынау? Немене, біз сау

болмағанда, сен өзіңше кереметпін деп жүрсің бе?!

БОТА:

Бәрімізді бірдемеге теңедің бе осы?

БАЛАҚАЙ:

Жә, доғарыңдар! Ол әншейін сөздің мәтелі!

БҰЗАУ:

Мәтел ме, бәле-бәтер ме, кім біліпті? Әйтеуір

жылқы баласының желкөрік кеудесін керіп, бізді менсінбей