Table of Contents Table of Contents
Previous Page  262 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 320 Next Page

262

келе жатқаны өтірік пе? Осылардың-ақ ызасы өтті! Ал, кәне,

кімсің сен сонша? Сен де біз сияқты малсың!

ҚҰЛЫН:

Охо-хо-хо! Мен жай мал емеспін! Мен жылқымын

желденұшқыр!Еркіндаланыңеркесімін!Ерқанатытұлпармын!

БҰЗАУ:

Өзіңше ерекшемін деп мақтанып тұрсың ғой!

ҚҰЛЫН:

Мақтаныптұрғамжоқ,менбарболғанышындықты

айтып тұрмын!

БҰЗАУ:

Мақтандың, мақтандың! Ылғи мақтанасың! Бізге

айтпасаң да, ішіңнен мақтанасың!

БОТА:

Иә, иә, әрі шауып бір мақтанасың, бері шауып бір

мақтанасың!

ЛАҚ:

Мө-өө-өңкіп бір мақтанасың, аунап бір мақтанасың!

ҚОЗЫ:

Жал-құйрығыңды суылдатып бір мақтанасың...

БҰЗАУ:

Тұяғыңды

зуылдатып

бір

мақтанасың!

Мақтаншақсың, мақтаншақсың!

ҚҰЛЫН:

Өтірік соқпаңдар, ей, қашан мақтандым?!

ҚОЗЫ:

Мақтаншақ, мақтаншақ!

ЛАҚ:

Мақтаншақ, мақтаншақ!

ҚҰЛЫН:

Қойсаңдаршы, ей, жайдан-жай күйдірмей! Бостан-

босқа танауын таңқитып, болмашыға мақтана салатын мен

бұзау емеспін ғой!

БҰЗАУ:

Біреуді қағытпасаң ішің кебе ме?

ҚҰЛЫН:

Қағытып тұрғам жоқ, шындықты айтып тұрмын!

Бұл дүниеде бұзау болмағаныма сондай қуанамын!

БҰЗАУ:

Әй, немене сонда, жылқы болу зорлық та, сиыр болу

қорлық па? Көрер едім сиырсыз күн көргендеріңді... Мен де

мінгі, жегінді жылқы болмағаныма ризамын!

ҚҰЛЫН:

Қысқарт енді! Бір теуіп танауыңды жапырайтып,

аузыңды опырайтып тастармын, әйтпесе!

БҰЗАУ:

Келсең кел! Кеудеңді тесік, қабырғаңды есік қылып

іреп берейін! (

Екеуі жеңіл-желпі қағысып алып, шындап

тіресіп кетеді

).

МЫСЫҚ:

Қай жеңгенің менікі!

ИТ:

Осы батырлықтарың қасқыр келгенде қайда қалар

екен?!

ЛАҚ:

Тамаша, тамаша!

ҚОЗЫ:

Араша, араша!