Previous Page  10 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 370 Next Page

де тиіп жатыр. Сонда Сіз үшін меценаттық, жомарттық,

қайырымдылық қарыз ба, әлде парыз ба?

– Расына келсек, қолда бар қаражатты жұмсаудың көзі

әрқашан табылады. Далада жатқан ақша жоқ. Меценаттық –

жомарттық деп қарасақ, бұл ақшаны далаға шашу емес. Меце-

наттар көптеген елдерде болса, бұл – ұлт мұраты үшін өнерді,

мәдениетті, ғылымды дамыту сияқты игі істерден шет қалмай,

қолдау көрсету деген сөз. Биыл Мәскеуде орыстың аса бел-

гілі меценаттарының құрметіне аллея ашылып, онда құрмет

тақталары қойылды.

Ресейләктер мені меценат ретінде құрметтеп екі орден-

мен марапаттады. Таяуда Еуропалық бизнес ассамблеясы ко-

митетінен кәсіби және қоғамдқ қызметімнің жоғары бағаланып,

ағылшынның Виктория ханшайым атындағы эксклюзивті на-

градасына ұсынылдым. Ресейден Демидов, Морозов, Мамон-

тов, Третьяков секілді меценаттар шықпаса, орыс өнерін биікке

көтерілмес еді. Не болмаса, бір ғана мысал айтайын. Меценат

Александр Смирдин сияқты баспагерлердің көмегі болмаса, өмірі

жоқшылықпен өткен Федор Достоевскийдің қаламынан керемет

туындылар туар ма еді, тумас па еді. Тіпті, әлгі айтып отырған

орыстан шыққан тұңғышмеценат Смирдин Пушкинге де, Гогольге

де, Жуковскийге де қол ұшын берген. Өнерге, мәдени шараларға

менің көмегім тиіп жатса, бұл – жақсылардың салған жолы.

– Мәдениет, өнерге ғана емес, ғылымға да қолдау көрсетіп

жүргеніңізді білеміз. Бұл тұрғыда қандай ізгі қадамдар бар?

– Жер бетінде адамзат баласы осыдан 2,5миллион жыл

бұрын Африкада пайда болған деген болжам бар. Қазіргі за-

манда жаңа ғылыми негіздер нәтижесінде бұрынғы кездегі не-

бір болжамдардың күл-талқаны шығып жатқан жоқ па. Біздің

Ақмоланың түбінен тапқан дүниелеріміз одан да әрі 4-5 милли-

он жылдықтарды қамтиды. Біз осыны ғылыми негізде дәлелдеп,

алғашқы адам Африкадан емес, Еуразиядан шықты дейтін

болсақ, бұл дүниені дүр сілкіндірген аса үлкен жаңалық болаты-

ны анық. Қазір ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Мен оларға қолдау

көрсетудемін. Тағы бір айтатын жай бар. Перуде тек жоғарыдан

ұшақтармен ғана көруге болатын суреттер бар. Оны көрмекке ту-

ристер ағылып барып жатады. Ал, сондай ғажап суреттер біздің

Маңғыстауда да бар. Ол ғажап суреттер қалай пайда болған?

Осы құпияны зерттеумен Еуразия университетінің ғалымдары

аналысқалы жатыр. Осы ретте мен құрамында археологтар

бар бір топты Ақтауға жібердім. Егерде, осы ғажап суреттер

сырын ашатын болақ, бұл да әлем жұртшылығын аяғынан тік

тұрғызатын жаңалық болмақ.

– «Жетімді көрсең, жебей жүр» дейдә халқымыз. Бұл істе-

де қайырымдылығыңызды көп естиміз. Сол туралы айтсаңыз.

– Осыдан біраз жыл бұрын телеарналардың бірінен қазақтың

қара домалақтарының шетелге сатылып кетіп жатқаны тура-

лы хабарды көріп, қатты қапаландым. Жетімі мен жесірін небір

қиын-қыстау кездің өзінде тентіретпеген, ұрпағын жатқа берме-

Археолог Волошин В. және Ысқақов С.

Мәскеудің 850-жылдығына арналған саяжай. 2007 ж.

Мыңқыстау облысы. 2007 ж.

Сапар Искаков. Восьмое чудо света, или Мир глазами туриста