Previous Page  7 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 370 Next Page

Сапар Ысқақов – құрылыс инженері, Астана қаласында

«Арасан» сауықтыру орталығын салғаны үшін халықаралық

Алтын медальмен марапатталған. Қазақ ұлттық мәдениетінің

жанашыры, ұлттық мәдениетке қолдау көрсеткені үшін 2005 –

2006 жылдары қатарынан екі рет «Жыл адамы» атанды. «Ал-

тын Адам» құрметті атағының, «SONY BMG» компаниясы Алтын

дискісінің иегері. Жиһанкез-саяхатшы ретінде әлемнің 92 елін-

де болып, Қазақстанның 2005-2007 жылғы рекордтар кітабына

есімі жазылды. Ресейде биыл ашылған меценаттар аллеясында

орыстың аса әйгілі меценаттарымен иық тіресіп тұрған жалғыз

қазақ. Әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс қорының президенті.

– Сапар Ысқақұлы, қазақ ұлттық мәдениетінің жанашы-

ры болып небір игі істердің басы-қасында жүрсіз. Соның ішін-

де әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және

мемориалдық кешенін қалпына келтіріп, жөндеу жайы әуелде

Парламентте сөз болып, экс-депутат Мұхтар Шаханов билік

қолдар болса, үлкен істі бастап, қостауға әзір адам бар екенін

айтқан еді. Ол адам Сіз едіңіз. Сонымен, әл-Фараби және

Сұлтан Бейбарыс қоры құрылды және қордың президенттігінің

тізгіні Сізге тиіп, үкімет тағы да сырғақсып қалып қойғандай

болса, бүгін осы үлкен істе қозғалыс бар ма?

– Біздің халықта «Ер кісі – бір күнде бір кісілік, бір күнде

мың кісілік» деген тамаша бір сөз бар. Сондай-ақ, мен қордың

президенті болып, мың кісілік жаупкершілікпен қоса құрметке

ие болдым дегім-ақ келеді. Бірақ бүгін жағдай мен ойлағандай

болмай тұр.

– Сонда бұл қордан қайыр болмай тұр ма?

– Қай істі де халықтың қолдайтынына да сенемін. Мен өзім де

қаржы көзін іздестіріп, бір жөнін табар да едім. Алайда мәселенің

мәнісі басқада. Ұлы бабаларымыз Сұлтан Бейбарыстың мешіті –

Каирде, әл-Фарабидің кесенесі – Дамаскіде. Былтыр күзде отба-

сымызбен Сирияға сапар шегіп қайтқанбыз. Мысыр елін биле-

ген Сұлтан Бейбарыс бабамыздың өзі салдырған мешіті күтімсіз

деуге келмейді. Соншалықты жөндеу жұмыстары қажет те емес.

Айтар болсақ, мәселе жөндеу жұмысына тіреліп те тұрған жоқ.

– Анықтап айтқанда...

– Сіз қалай ойлайсыз, Сұлтан Бейбарыс бабамыздың қазақ

екенін дәлелдеп, әлемді соған мойындаттық па? Міне, көрдіңіз

бе, үндемейсіз. Сол сапарымда мен көптеген адамдармен кез-

дестім, сөйлестім. Сонда арабтардың да, карачайлардың да,

шеркештердің де Бейбарыс бабымызды өз ұлтына тартып,

иемденгісі келетінін байқадым. Егерде, осы мәселені бүгін ор-

нына қоймасақ, ертең кеш болмасына кім кепіл? Әр заман-

да, әр кезде аузы күйіп жүрген қазақ емеспіз бе. Шынына кел-

генде, екінші Аристотель атанған әл-Фарабидің Отырардан

шыққанын өліп-талып, зорға дәлелдеген жоқпыз ба? Мәселенің

мәнісі басқада деп айтып отырғанымды енді түсінген болар-

сыз. Сол ұлы бабаларымыздың басына қойылған ескерткіштер

өте жұпыны екені де рас. Дегенмен ел көзіне түсерліктей етіп,

қайта қалпына келтіруге соншалықты қыруар қаражат та ке-

рек емес. Әуелде үкімет тиісті қаржы бөлініп, кесененің жоба-

сы дайындалып жатқанын айтқанда, сең орнынан қозғалатын

болды, мәселе мемлекеттік деңгейде шешілетін болды-ау деп

қуанғаным рас. Өкінішке орай тым ерте қуаныппын. Әзірге істеліп

жатқан ешетеңе жоқ. Өткен жылы бөлінген 70 миллион теңге ие-

герілген жоқ, биылғы бөлінген азын-аулақ қаржы тағы да солай

мұрты бұзылмай қалғалы отыр. Өзім бастаушы болған үлкен

істі билікке тәуелді етіп қоймай, кірісіп-ақ кеткім келіп, тәуекелге

бел байлағаныммен, ұтсам жақсы. Ұтпасам ше? Неге дейсіз

бе? Мәселен, мен өзімнің бабам Тілепке үкіметке жалтақтап,

қарайламай-ақ мазар тұрғызып, күмбез орнаттым. Ал, бұл жер-

де мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс. Оның мәнісін

әлгінде айттым ғой. Ұлтымыздың атын шығарып, әлемге паш ет-

кен бабаларымызға мемлекеттік деңгейде ел болып құрмет жа-

сауымыз қажет. Қазақ ұлты бар екенімізді танытуға тиіспіз. Сөйте

тұра бір келіп-кеткен әншіні басына көтеріп, жолына ақша ша-

шатын мықтыларымыз, шенеуніктеріміз сол бабаларымызға кел-

генде, намысын жоғалтып алатыны несі. Шынын айтқанда, әлі

күнге дейін үкіметаралық келісімге қол қойылмай отыр.

«Жігіттің жұртқа

жаққаны – көңілге шырақ жаққаны»

“Әль-Фараби және Султан Байбарыс” атындағы жәрдемшілік қордың

мушелері. Дамаск қ. 2006 ж.