Құрылыс инженері, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақов
жұбайы Күмісаймен және «Хабардың» Ресейдегі тілшісімен Ан-
тарктидада болып келді.
Оңтүстік полюстің бергі шеті болмаса, арғы жағына қазақ ата-
улы әлі жете қоймаған болатын. Қазақтың табаны тимеген жерге
аяқ басқан саяхатшы Сапар Ысқақов жердің алтыншы құрлығына
құр қол бармай, онда болған басқа он екі ел туының қатарына өзі
алдын ала дайындап, арнайы тіккізген Қазақстанның көк туын
желбіретіп келді. Бұл меценат үшін аса қымбатқа түскен экспе-
диция ғана емес, Антарктиданы бағындырған аса ғажайып сая-
хат болды.
Рәзиға Әшеева.
Қазақ ұлттық мәдениетінің жанашыры, ұлттық мәдениетке
қолдау көрсеткені үшін 2005 және 2006 жылдары «Жыл ада-
мы» атанған, «Алтын Адам» құрметті атағының, «Sony BMG»
компаниясы Алтын дискісінің иегері, жиһанкез-саяхатшы ретін-
де әлемнің 72 елінде болып, Қазақстанның 2005 жылғы рекорд-
тар кітабына есімі жазылып, Ресейде өткен жылы ашылған ме-
ценаттар аллеясында орыстың аса әйгілі меценаттарымен иық
тіресіп тұрған жалғыз қазақ, Әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс
қорының президенті Сапар Ысқақов жұбайы Күмісаймен және
«Хабардың» Ресейдегі тілшісімен Антарктидада болып келді.
Антарктидаға саяхат алдында СапарЫсқақов: «Көшпенділер
ұрпағы емеспіз бе. Жиһангер-саяхатшылығымыздың да тегін
еместігі содан болар. Жұбайым Күмісай және немерем Баянсұлу
үшеуіміз табиғаты аса ғажап Гренландияда болып, одан кейін
Исландия, Норвегия, Швеция, Данияда бір– біріне ұқсамайтын
ғажайыптарды тамашалап, сусындаған соң, Англияға арнайы
жұмыспен соғып, елге оралған соң, Оңтүстік полюске, яки
Антарктидаға сапар шегуді ойлаған едік. Оңтүстік полюстің бер-
гі шеті болмаса, арғы жағына қазақ атаулы әлі жете қоймаған
көрінеді. Енді қазақтың табаны тимеген жерге аяқ басатын кез
келген сияқты. Аяғы жеткен елдің бәрі өзінің болғанын білдіру
үшін туын тігіп, белгі қалдырып кетеді екен», деген болатын.
Сонымен не керек, саяхатшының дегені болды. Жердің ал-
тыншы құрлығына сапарлап барып, онда болған басқа он екі
ел туының қатарына өзі алдын ала дайындап, арнайы тіккізген
Қазақстанның көк туын желбіретіп келді.
Рәзиға Әшеева.
«Алтын Орда» республикалық тәуелсіз газет. Жарияланған нөмірі: №3 (417). Жарияланған уақыты 17-23 қаңтар 2008 жыл.
Антарктидада көк туымызды желбіретті
«Қазақстан-Заман» халықаралық қоғамдық-саяси газет. Жарияланған нөмірі № 03 (670), уақыты 17 қаңтар 2008 жыл.
Антарктидаға тігілген қазақтың көк туы
11
Сапар Искаков. Восьмое чудо света, или Мир глазами туриста