Previous Page  9 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 370 Next Page

жиһангез-саяхатшы, өнер зерттеушісі болып жүрсіз. Соның

қайсысы жүрегіңізге жақын?

– Мен құрылыс-инженерімін. Ал, жиһангездігім – өнерге де-

ген құштарлығым. Олай дейтінім, сәулет – бар өнердің жиынтығы.

Мәселен, кез келген бір архитектуралық құрылысты алсақ, онда

сәулет өнерінен басқа мүсін, сурет және басқа өнер туындыла-

ры бір-бірімен астасып, үндесіп, әрі бірін-бірі толықтырып жа-

тады ғой. Құрылыс-инженерінің міндеті кірпішті орнына қалап

қана қою емес, құрылыстың болмысына терең бойлап, сырына

үңілу, былайша айтқанда, шығармашылық көзқараспен қарау

Қарағанды политехникалық институтында оқып жүрген кезім-

де, ұстазым Мел архитектура тарихынанберген дәрістерінде

ежелгі заманда жасалған ғажайып ескерткіштер жайында

әңгімелейтін. Мысалы, Египет пирамидалары, Тәж Махал, Коли-

зей, Ұлы Қытай қорғаны адамзатқа әлі күнге жұмбақ. Адам ба-

ласын таңдандыратын екі таңғажайып дүние бар. Оның бірі –

өзіміз айтып отырған өнер туындылары. Екіншісі – табиғаттың

өз ғажайыптары. Жер бетіндегі жеті ғаламат, басқа да сиқырлы

дүниелерді танып, білуге бір адамың ғұмыры жете ме, жетпей

ме, білмеймін. Бірақ отыз жыл бойы жер шарын шарласам да,

бір көрсем, білсем дейтін таңғажайып құрылыстар таусылар

емес. Мысыр елін көруді жас кезімнен армандаушы едім. Өзіңіз

білесіз, Кеңестер дәуірінде шет елдерге сапарға шығу қиямет-

қайым болды ғой. Сол кездің өзінде шет елге тоғыз рет шыққан

екенмін. Мысырға 1972 жылы бардым. Онда Кеңестер елінің

құрылысшылары атақты Асуан плотинасының құрылысын са-

лып бітірген болатын. Бүгінде әркім шетелге әртүрлі себептер-

мен шығатын болды ғой. Бизнесмендерді, негізінен, шетел-

дік сауда-саттық, іскерлік байланыстар қызықтырады. Өзім сол

кәсіпкерлердің бірі болсам да, менің саяхатымның мақсаты

бөлек. Жақында ғана жұбайым Күмісай және немерем Баянсұлу

үшеуіміз табиғаты аса ғажап Гренландияда болдық. Одан кейін

Исландия, Норвегия, Швеция, Дания елдерінде болып, бір-бірі-

не ұқсамайтын ғажайыптарды тамашаладық. Одан соң Англияға

бардық. Борат туралы комедиясымақ жасаған Саша Коэннің кім

екенін айтпасам да, жұрт білер. Оның Эррен есімді компазитор

ағасы бар. Өткен жылы бауыры жасаған қателіктің орнын тол-

тырып, қазақ ән-күйінің гауһарларын әлемге танытсын деген ой-

мен музыкалық композицияға тапсырыс бергенбіз. Оның бірін-

ші бөлімінің атын «Зере» атағанбыз. Зере – Абайдың әжесі. Ал,

екінші бөлімін «Баянсұлу» деп жаз дедік. Баянсұлу – қазақтың

махаббат символы, даланың Джульеттасы. Немеремнің атын

да солай қойғанбыз. Мақсат – қазақ халқын білмейтіндерге му-

зыка арқылы ұлтымызды таныту. Биылғы жылдың сыбағасын

тек осымен қалдырмай, қараша айында Оңтүстік полюске, яки

Антарктидаға сапар шегуді ойлап отырмыз. Аяғы жеткен елдің

бәрі өзінің болғанын білдіру үшін туын тігіп, белгі қалдырып ке-

теді екен. Мен де сол сапарға қазірден қам жасап, Антарктидада

Қазақстанның көк байрағын тіккелі отырмын. Себебі халқымды

қазынам, қана қазаным, туырлығым деп білемін. Басқа елдің

бәрі жақсы болғанмен, өз еліңнен артық жер жоқ.

– Сіздің «Тілеп» қайырымдылық қорыңыздың шарапа-

ты өнерге де, ғылымға да, жетім-жесірге де, кедей-кепшікке

Антарктика, 2007 ж.

Германия, Берлин қ., 2005 ж.