Previous Page  8 / 370 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 370 Next Page

– Сіз әлгінде бір сөзіңізде бабыңыз Тілеп туралы айтып

қалдыңыз. Біздің білуімізше, Сіздің небір игілікті істеріңіз

бен шараларыңыз көбіне– көп сол бабаңыздың атымен

сабақтасатын секілді...

– 1757-1820 жылдары өмір сүрген, бақсылықпен аты шыққан

қобызшы Тілеп Аспантайұлының мен бесінші ұрпағымын. Сол

бабымыз Тілепке он үш жасында бақсы Қойлыбай батасын бер-

ген екен. Тілеп бабамыздың «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы»

деп аталатын күйлері бүгінгі күнге жетіпті. Өзім қобыз тартып, му-

зыкамен айналыспасам да, музыканы жаныммен түсінемін. Со-

нымен, қаныма тартып, өткендерді ескеріп, өскендіктің белігісін

көрсетіп, аруқтарға тағзым жасауды, бабамыздың киелі өнерін

ардақтап, қастерлеуді перзенттік парызым санап, 1996 жылдан

бастап қобызшы бабамыздың мұрасына ден қоя бастадым. Ел

ішінде сақталып қалған күйлерін өнер адамдарына жинасты-

рып, нотаға түсірттім. Бабамыздың мұраларын ұрпаққа мұра

етіп қалдыру үшін жоғарыда аталған үш күйді заң тұрғысынан

бекітіп, куәлік алдым. Менің осы ғұмырымда бір нәрсеге анық

көзім жетті. Ол – қас шебердің ісі мен өнердің мәңгілік болып

қалатыны. Иә, осыдан төрт жыл бұрын бабамыз Тілептің қара

қобызының Арқалықта тұратын бақсы ұрпақтарының бірінің отба-

сында сақтаулы екенін білдім. Екі ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа

табыс етіліп, бүгінгі күнге жеткен бабамыздың қара қобызының

ендігі мұрагері өзім болсам деп едім, әттең қолға тимеді. Бірақ

ешқашанда оңай олжа тапқан емеспін. Еңбекпен дәулет жисам,

қаланған кірпіш кәдеге асқаны, қағылған шеге орнын тапқаны,

«жігіттің халыққа жаққаны шырақ жаққаны» дегендей, сол жиған

дәулетімді кәдеге жаратсам деген мұратым бар. Содан бабаның

қара қобызына қолым жетпеді деп қарап қалмай, оның тура сон-

дай көшірмесін жасаттым.

– Бабаңыз Тілептің мұрасын зерттеп, жинастыра жүріп,

«Тілеп» қобызшылар квартетін құрдыңыз. Құрылғанына небәрі

бірер жыл ғана болған бұл квартеттің аяқалысы сәтті болып,

талай елге танылып үлгерді. Бұл туралы не айтасыз?

– 2003 жылы «Тілеп» қайырымдылық қорын құрған соң,

бүгінде айтып отырған қобызшылар квартетінің көркемдік жетек-

шісі, тілептанушы композитор Әлқуат Қазақбайға қобыз өнерінің

жете насихатталмай жүргені туралы айта келіп, Қорқыт, Ықылас

бабаларымыздан қалған осы өнерді бүкіл әлемге паш ететіндей

қобызшылар квартетін құру туралы ойымды ортаға салған едім.

Екі қылқобызды қосып, шығармалар жазып жүрген Әлқуат менің

бұл ойымды құп көріп, 2004 жылы мақсат орындалды. Алғашқы

концерт Астанадағы Президенттік мәдениет орталығының

концерт залында өтті. Осыдан кейін квартеттің жолы болып,

Лондондағы дүниежүзіндегі аса үздік концерт залдарының бірі

Альберт-холда «Тілеп» композициясы қойылды. Оның авторы –

дүниежүзіне аса танымал британдық композитор, классикалық

музыканың корифейі Карл Дженкинс.

– Мен бртитандық композитордың атақ-даңқына

шәк келтіргелі отырған жоқпын. Дегенмен композицияның

авторлығына басқа емес, нақ британдық композитордың

таңдап алынуында не сыр бар?

– Бұл мата даңқымен бөз өтеді дегендік емес. Жал-

пы айтар болсақ, британдық композитордың музыкасы әрі

классикалық, әрі этникалық, әрі жас-кәріге түсінікті болып ке-

леді. Өйткені комозитор өз шығармааларын симфониялық ор-

кестрге, халықтық аспаптарға және вокалға үйлесімді құра

біледі. Және ең ғажабы ол музыкасы өміршең. Қазақтың халық

музыкасы композитордың назарын аударса, ол да тегін емес

шығар. Композицияда Карл Дженкинс қазақ музыкасының екпіні

мен рухын сақтай білді. Соның нәтижесі болар, қазақстандық

оркестрдің орындауындағы «Тілеп» композициясының әлемдік

премьерасы Ұлыбритания астанасы – Лондонның мәдени

өмірінде айтулы оқиға болды. Онда Карл Дженкинстің талан-

ты ғана бағаланып қоймай, қазақ музыканттарының шеберлігі

де ағылшындарды тәнті етті. Тілеп бабамыздың асыл мұрасы

арқылы біз ұлтымыздың өнерін асқақтаттық. Қобызшылар квар-

теті, сондай-ақ, өткен жылы Испанияның Мадрид, Барсело-

на қалаларында өткен Азия мемлекеттері арасындағы халық

аспаптары орындаушыларының халықаралық фестиваліне

қатысты.

– Біздің естуімізше, келер жылы Астанада «Тілеп – қобыз

сарайы» атты сәулетті ғимарат салынып бітеді дейді ғой.

– Оныңыз рас, өткен жылы бабамыз Тілептің туғанына 250

жыл толуы құрметіне байланысты Астананың сол жағалауында

қобыз сарайының іргетасы қаланған-ды. Құдай сәтін салса

ғимарат алдағы жылдың жазында пайдалануға беріледі. Қобыз

сарайының архитектуралық құрылымы Карнеги-холға ұқсас.

Жобаның авторы – архитектор Шоқан Матайбеков. Бүгінге

тоқсаннан астам елде болып, небір ғажайып архитектуралық

сәулет өнерінің кереметтерін көріп таңдай қақсам, біздің қобыз

сарайы да осал бола қоймас.

– Сіздің жиһангез-саяхатшы ретінде 2005 жылы

еліміздің есіміңіздің рекордтар кітабына жазылғанын білеміз.

Жігітке жетпіс өнер де көптік етпейді. Дегенмен Сіздің

меценаттығыңызды былай қойғанда, құрылысшы– инженер,

“Тілеп” ансамблі. Лондон, 2006 ж.

Сапар Искаков. Восьмое чудо света, или Мир глазами туриста