ген, жесір дауының өзін ақылдылықпен шешкен, жетімді жебе-
ген қазақ емес пе едік деймін іштей. Бүгін Сұлтан Бейбарыстың
шыққан тегі қазақ екенін тиянақтап алсақ деп отырмыз, Ал, ше-
телге тентіретіп жіберген жетімдеріміздің арасында да талай
Бейбарыстар кетіп жатса ше? Онда егемен ел болғанымыздан
не пайда? Жүректегі намысым жанымды қамшылап, Аста-
на қалалық әкімшілігіне барып, екі-үш жетімдер тобын асырап
алуға жағдайымның келетінін айттым. Сол балаларға арнап кот-
тедж салып берейін дедім. Сонымен қатар, сол жиырма-жиыр-
ма бес баланың өз қолы өз аузына жеткенше қамқорлық жасай-
тынымды дәлелдедім. Біздегі төрешілдіктің қандай екені белгілі
емес пе. Тиісті заң қабылдансын, деген сияқты уәж айтты. Жар-
ты жыл табанымнан таусылсам да, алған бетімнен қайтпадым.
Содан не керек балалар ауылының директоры Батырхан Же-
налиев маған бір отбасын қамқорлыққа алуға болатындығы ту-
ралы ақыл қосты. Республикалық «Бөбек» қорының төрайымы
Сара Алпысқызына Астанадағы балалар ауылында бір отбасын
ұстап тұруға рұқсат сұрап хат жаздым. Сара Алпысқызы келісімін
берді. Содан осыдан үш жыл бұрын балалар ауылындағы Баян
Жанғаринаның отбасын толық қамқорлығыма алдым. Менің
өзімнің үш балам, алты немерем бар. Олардың қатарына тағы
сегіз немере қосылды. Оларды да өз отбасыммен бірге әртүлі
ойын-сауық шараларына апаратын болдым. Мен барғанда «Ата»
деп жандары қалмай қуанады. Биыл мынандай жағдай болды.
Өзім қамқоршылыққа алған отбасында тәрбиеленетін Мөлдір
есімді немерем он сегіз жасқа толып, колледжге оқуға түскен-ді.
Мөлдір: «Ата, мен кәмелетке толдым. Менің енді балалар ауы-
лында қалуыма болмайды. Жастар үйіне барғанды қаламаймын.
Сіздердің отбасында тұрсам қайтеді»,– деген өтініш айтты. Қазір
Мөлдір біздің отбасымызда тұрады. Балаға қандай сыйлық жа-
саса да көптік етпейді. Бірақ соның ішінде оларға керегі – жүрек
жылуы. Олар жүрек жылуы бар отбасында болғанды армандай-
ды. Менен кейін Корей қоғамы мен республикалық гвардия ба-
лалар ауылынан бір-бір отбасын қамқорлыққа алды. Өзім бір от-
басын өз қамқорлығыма алумен қатар, екі үй тұрғызып, балалар
ауылына тарту еттім. Бұл үйлерде екі топ тәрбиеленеді. Әр топ-
та 7-9 бала бар. Бұл топтардағы балалардың барлық шығынын
өз мойныма алдым. Астана қаласында Герман Гмайнердің
үлгісімен 2000 жылы салынған SOS Киндердорф балалар ауы-
лында, немесе бір қабатты қызыл кірпіштен салынған үйлердегі
жағдайда осындай.
– Бәзбіреулер жетпіс жеті атасына дейін байлық жиғанмен,
тойғанын білмейді. Яки байи берсем дейді. Байқап отырсақ, Сіз
үшін байлық, дәулет мұрат емес секілді. Сонда Сіздің қолым
жетсе екен дейтін тағы арманыңыз бар ма?
– Әрине, адамда арман таусылмайды ғой. Мен жас кезім-
де ұшқыш болсам деп армандаған едім. Алайда үйдегі үлкендер
менің бұл қалауымды қош көрмей, құрылыс-инженері болып кет-
тім. Қазір жеке аэродром салуды бастап жатырмын. Оны айта-
сыз, төрт орындық спорттық екі ұшақты да сайлап қойдым. Мұны
бір жағынан менің спорттық ермегім деуге болады. 2008 жылы
әуесқой-пилот куәлігін алмақпын. Бір жыл Киевтің авиациялық
институтында оқығаным бар, соған қарап көкке самғауға дайын-
мын деуіме болады. Адам дүние есігін ішсем, жесем деп қана
емес, білсем, көрсем деп ашады. Алға, зәулім биікке ұмытылады.
Асқар шыңға шыққысы келеді. Көкке қол созады. Менің жеке аэ-
родромымды салу да астамшылықтан туып отырған жоқ. Көк
мен үшін ұлылықтың, іріліктің символы іспеттес. Келер ұрпақ
қуанатындай көк туымыздың тұғыры биіктей бергей. Қасиетті Ра-
мазан айындағы Алладан тілегіміз осы.
Сұхбаттасқан
Рәзиға Әшеева,
«Алтын Орда».
“SOS Киндердорф“ ауылы
Тікұшақтың ішінде
10