Table of Contents Table of Contents
Previous Page  11 / 324 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 324 Next Page

11

Беу, Біржан!

Қан тамған қылышынан хан емессің,

Байлық пен мансап қуған жан емессің,

Аққу боп қалықтадың көк жүзінде,

Соңынан ілестің де ән елестің.

Әндерің жұлдыздармен сырласады,

Көнбейді ыңғайына әр өңештің,

Сенің орның мәңгілік аспанда тұр,

Ешкімнің қаулысына зар емессің!

9. Осы Еңбекшілдер ауданында Біржан сал музейін ашудың да

уақыты келген сияқты. Онда Біржан туралы арғы-бергі барлық ең-

бектерді, материалдарды шоғырландырып, аудио-видеоларға жа-

зылған әндерін жұртшылыққа тыңдатып, көрсетіп отырса, қандай

тамаша болар еді! Оған қоса, Рамазан Елебаев, Мұхамед-Сәлім

Кәшімов, Әбілқайыр Досов, Шәймерден Қосшығұлов және басқа

да ауданымыздың айтулы адамдарының есімдері мен еңбектерін

жинастырып, зерделеп, елге танытудың айрықша мәні бар.

10. «Біржан-Сара» айтысы туралы дау-дамай талай уақыттан

бері үзілмей жалғасып келеді. Негізінен екі пікір бар. Бірі –Біржан

мен Сара айтысқан дейді, екіншісі, олар айтыспаған, айтысты Әріп

Тәңірбергенов жазып шығарған дейді. Екі жақтың да дәлелі мық-

ты, материалдары мол, ойлары қисынды. Бұл мәселеге әлі нүкте

қойылған жоқ, қойылатын түрі де жоқ. Қалай болғанда да, бұлжы-

майтын бір ақиқат шындық бар. Ол – «Біржан-Сара» айтысы деп

аталатын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің классикалық ғажайып

мұрасы бар екендігі! Және, ол мұраға Біржан сал бабамыздың ав-

тор ретінде болсын немесе кейіпкер ретінде болсын, басты тұлға

ретінде қатысатындығы! Тіпті, айтыстың Әріп жазған нұсқасы бо-

лып, оған кейіпкер болған күнде де, Біржан сал тұлғасы биіктей

түспесе, төмендемек емес. Өйткені, осындай жауһар шығармаға

басқа атақты ақындарды емес, Біржан салды басты тұлға етіп

алуының өзі – оның қаншалықты қадірлі болғандығын көрсетсе

керек. Әлем әдебиетіндегі әйгілі әдеби кейіпкерлерге кейбір ел-

дерде ескерткіш қойылып, әспеттейтін әдемі жағдайларға ой жү-

гіртіп көріңіз. Ал, жеке өз басым Біржан мен Сара кездесіп, айтыс-

қан деген әңгіме шын болса екен деймін. 1993 жылы Жетісуда Са-

ра Тастамбекқызының 115 жылдығы тойланды. Сонда Ешкіөлмес