Table of Contents Table of Contents
Previous Page  6 / 324 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 324 Next Page

6

нан бастап бүгінгі жастардың жазған жырларының басын құрап,

түбінде бір кітап қылып шығарсақ, құба-құп.

Мүсінге келетін болсақ, атақты Төлеген Досмағамбетовтың

еңбегі ерекше еді. Ол кісі Біржан салдың Көкшетау қаласындағы

ескерткіші мен Степняктағы бейітінің басындағы бейнесін жаса-

ған. Бұл жерде бір назар аударатын жағдай бар. Осы күнге дейін

Біржан салдың суреті деп кітаптарда, энциклопедияларда жария-

ланып жүрген сурет анық Біржан атамыздың суреті емес. Көзі тірі-

сінде суретке түсті ме, жоқ па, оны қазір ешкім де білмейді. Анығы

– бізге жеткен фотосуреті де, портреті де жоқ. Ал, өткен ғасырдың

орта кезінде жоғарыдан Біржанның суретін табу керек деген нұс-

қау келеді. Партия-совет басшылығының тапсырмасы қалайда

орындалуға тиісті. Содан, аудан азаматтары жандары қысылып,

әрі-бері ойланып, елден сұрастырады. Жоқ суретті кім тауып бере

қойсын! Сол кезде ауданда идеология, мәдениет жағында қызмет

істеп жүрген Әшкен Аужанов деген азамат өз атасының ұлттық

киіммен түскен, ескіріп, сарғайған фотосын әкеліп береді. Бұл сөз-

ді мен Әшкен Аужановтың өз аузынан естідім. Сол фотосурет пе,

әлде суретшілердің соған қарап, ұқсатып салғаны ма, әйтеуір Бір-

жанның суреті болып кең таралып кеткен қыр мұрынды, қырқа

сақалды нұсқаның жайы осы. Ал, мүсінші, нағыз суреткер Төлеген

Досмағамбетовтың мүсіндеуі бұдан мүлде басқаша. Сірә, қарым-

ды, дарынды мүсіншінің ішкі интуициясы сездірген болар, ол жал-

ған суретке жоламай, Біржан бейнесін баласы Теміртастың суреті-

нен, немересі Мұхаметқали Теміртасұлының келбетінен іздеп, су-

реткерлік қиялымен суарып жасаған. Соны жалғастырған Манар-

бек Бұрмағанов бауырымыздың жасаған ескерткіші де құрметке

лайық.

Ескерткіш демекші, Көкшетау қаласындағы Мәдениет сарай-

ының алдында тұрған Төлеген Досмағамбетов жасаған бейнеге

байланысты даулы, кейісті пікірлер де айтылып жүр. Оның түйіні

«Біржан бабамызды неге мұнша жәбір-жапа шеккізіп, қол-аяғын

байлап, домбырасын сындырып бейнелеген?! Атамызды әсем әб-

зел-тұрманды сәйгүлікке мінгізіп, құндыз бөрік, әдемі жібек шапан

кигізіп, үкілі домбырасын ұстатып, асқақ қалпында көрсету керек

еді-ге» саяды. Әрине, плакаттық, ұраншыл талғамға сүйенсек, со-

лай да болар еді. Алайда, суреткер Досмағамбетов аса көрнекті

тарихи тұлға, дара дарын тағдырының трагедиялық сәтін арқау ете