4
кірттерінің өзі бір-бір тұлға! Халқымыз Ақан сері, Балуан Шолақ,
Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Естай және басқа да ақын,
әнші, композиторлардың есімін қашанда үлкен құрметпен атаған.
«Біржан – сал-сері, әнші-композиторлардың бәрінің әкесі, ұстазы!»
– деп еді жарықтық Ғафекең, Ғафу Қайырбеков, 1994 жылы, Бір-
жан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалінде.
Атақты академик Ахмет Жұбановтың өткен ғасырдың орта шенін-
де айтқан: «Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің
алыбы... Өнер қайраткері, азамат Біржанның аты қазақ музыкасы-
ның тарихында алтынмен жазылады», – деген аталы сөзі шындық-
қа айналғалы не заман!
2. Біржан сал – сан қырлы талант. Оның қарапайым қалыпқа,
жалпақ ұғымға сыя қоймайтын жұмбағын біз әлі толық танып-біле
қойған жоқпыз. Ертеректе Москвадан келген совет ақын-
жазушыларына академик ағамыз Мұхамеджан Қаратаев Біржандай
құбылыстың құпиясын ары айтып, бері айтып түсіндіріп бақса ке-
рек. Бірақ, қанша айтса да, жоғарыдан келген, жер-жаһандық өл-
шемдерге үйренген өр кісілер сахара сал-серісінің сырын ұғына
алмайды. Сонда Мұхаң: «Вы Пушкина знаете?» – депті. «Да, ко-
нечно!» – деп шу ете түседі олар. «А Чайковского?» «Естественно,
да!» «Надеюсь, Шаляпина тоже знаете?» – дейді ағамыз бастырма-
латып. «А как же его не знать?» – дейді москвалықтар бұрқырап.
Сонда Мұхаң: «Так вот, Биржан сал есть Пушкин, Чайковский,
Шаляпин в одном лице!» – депті салмақты сабырмен.
Меймандар ойын-шыны аралас ойлы сөзге тоқтаса керек. Бұ-
ның
үстіне
Біржан
бабамыздың
классикалық
ақын-
импровизаторлығын, айтыс дүлдүлі екендігін қосып көріңіз!
3. Біржан сал әндерін қазақтың дарынды, даңқты әншілерінің
қаншама буыны асқақтата салды десеңізші! Өзін қазақтың дәстүр-
лі әншілік өнерінің заңды өкілі санайтын өрелі әншілердің Біржан-
ға соқпағаны, өз мүмкіндіктерін Біржан әндерімен сынап көрме-
гендері кемде-кем шығар. Абайды оқымаған кісі нағыз қазақ ақы-
ны бола алмайтыны сияқты, Біржанды білмеген адам да нағыз қа-
зақ әншісі бола алмайды. Біржан әндерін шырқаған әншілерді ой-
ша бір шолып өтсек, көңіліміз ризашылық сезіміне толады. Әміре
Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан
Бабақов, Байғабыл Жылқыбаев, Қали Байжанов, Кәрім Ілиясов,