3
1. Біржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнекті тұлғаларының
бірі. Ұлттық өнердің жарық жұлдызы. Оның есімі қазақ елінің өте
ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энцикло-
педияларда, тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Біржан
бабамызды соншалықты биікке көтеріп, алаш аспанында шарық-
татқан – оның құдай берген табиғи таланты, асқақ әні, ойлы, се-
зімді өлеңі, аңызға айналған әншілігі. Оның әндері бір жарым ға-
сырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып
келеді. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестиваль-
дарда Біржан әндері ұдайы, күн сайын шырқалып, талай ұрпақтың
рухани азығына айналды. Оның мұрасы тірі. Ол халықпен бірге
жасай беретін бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадір-
қасиеті – көпірме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес, оның жа-
саған ісімен, еліне, адамзатқа сіңірген еңбегімен бағаланады. Түп-
тің түбінде, таразыға еңбек тартылады. Ал, Біржан салдың еңбегі –
оның өнері, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды
әндері мен өлеңдері. Ол әлі күнге дейін тірі! Ел аузында! Халық
жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемінде! Өйтке-
ні, оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар!
Өз дәуірінде Сегіз сері, Нияз серілердің дәстүрін жалғастырған
Біржан сал Арқада тұтас әншілік мектеп қалыптастырып, қазақ
музыкасын жаңа биікке көтерді. Оны ұстаз тұтқан өнердегі шә-