7
отырып, бұғаудағы рухтың азаттық аңсауын, байлаудағы өнердің
бостандыққа талпынуын көркем бедерлеп, ой толғағанын сезіне
алсақ, бұл ескерткіштің қаншалықты терең сырлы, құнды дүние
екенін түсінер едік.
Біржан бейнесіне қатысты тағы бір қызықты әңгіме бар. Бір-
жан сал орта бойлы, ақсары кісі болған екен деген сөздер айтылып
та, жазылып та жүр.
Сірә, ақсары деп, оның руы Ақсары Керей болғасын айтылып
кетті ме екен, кім білсін? Ал, үлкендерден естіген аңыз-
әңгімелерге қарағанда, Біржан сал қарулы, балуан адам болған. Бір
жолы мейманасы тасыған, қайратына мастанған бір жас жігіт Қо-
жағұл ауылына келіп, ат ойнатып, «қане, ер болсаңдар, менімен
күреске шығыңдар!» деп, өзеуреп қоймапты. Тіпті болмағасын,
Біржан өзі шығып, әлгі жігітті көтеріп алып соққанда, оның құй-
рығы жерге кіріп кетіпті! Саздау жер болды ма екен, кім білсін?
Қалай болғанда да, атамыз алысқанның артын жерге тығып жібер-
ген деп, айызың қанып айтуға жақсы!
1998 жылы Қызылту ауданының Бірлестік ауылына құдалыққа
бардық. Сонда Уәли Оразбаев деген шежіре қариямен кездестік.
Руы – Керей, жасы жетпістердегі ақсақал көрген-баққанын, есті-
ген, түйгенін жазып жүреді екен. Біраз әңгімесін тыңдадық. Сол
кісінің айтуы бойынша, Ресей патшасы Романовтардың таққа
отырғанына 300 жыл толуына арналған тойына біздің елден бара-
тын атқамінерлер Балуан Шолаққа күреске түсіңіз деп қолқа са-
лыпты. Сонда Балуан Шолақ: «Менің жасым ұлғайып қалды. Ора-
залы балуанды апарыңдар, бір жықса сол жығады!» – депті. Ораза-
лы балуан, руы Бәсентиін, сол тойға барып, күресіп, жеңіп келіпті.
– Оразалы балуанды мен қартайған кезінде көрдім, – деді Уәли
ақсақал. – Әңгімелесе келе балуан: «Біз – әнші, балуан, ақынның
бәрі Біржанның айналасында болатынбыз. Біржан біздің ағамыз,
үлгі беруші ұстазымыз болды!» – деді. Сөздің реті келгенде: «Бір-
жанның тұлғасы қандай еді?» – деп сұрадым. «Осы маған тақау
болып қалар», – деді Оразалы балуан.
Уәли ақсақалдың мына сөзіне қызыққаным сондай – енді Ора-
залы балуанның тұлғасын жобалай қойғым келді. Қасымда белгілі
өнер қайраткері, режиссер, әртіс Мұратбек Оспанов бар еді. Оның
бойы – бір метр сексен бес сантиметр, салмағы 105 килі тартады.