8
– Оразалы балуан мына біздің Мұратбекпен салыстырғанда
қалай еді? – деп сұрадым.
– Оразалы балуанның жанында Мұратбегің бала ғой! – деп
күлді Уәли ақсақал.
Ар жағын өздерің жобалай беріңдер!
Ал, атақты әнші, аяулы ақсақал Кәрім Ілиясов ағамыздың өз
аузынан естіген бір әңгіме: Кәрекең бала күнінде, 1930 жылдары
Степнякта тұрған екен. Сонда Біржан салдың баласы Теміртастың
тізесінде отырып, әнін тыңдапты, өзі де ән салыпты, Теміртас ата-
мыздың батасын алыпты. «Біржан салдың баласы Теміртастан ал-
ған сол батаны Нұрлан баламызға бердім!» – деп, біздің Нұрланға
ақ батасын беріп еді жарықтық ақкөңіл ағамыз Көкшетауда, біздің
үйге келгенде.
– Теміртас ұзын бойлы, ірі денелі, өте күшті кісі болатын. Атқа
мінгенде, созылып отырса, екі аяғы жерге тиетін. Қиянатшыл ке-
лімсектермен көп төбелесті. Қалың тобына жалғыз өзі төтеп беріп,
жайпап тастайтын. Ақыры, сондай өшіккендер ақкөңіл адамды
«ақша жеп қойды» деген жаламен жазықсыз соттатып, итжеккенге
жер аударып жіберіп тынды ғой! – деп, өзегі өртене сыр шертетін
Кәрім ағамыз.
Ал, дүние, – деп, Біржан атамыздың өзі айтқандай, «Теміртас»
әні қандай қасіретті болса, Теміртастың тағдыры да сондай қасі-
ретті болған. Теміртастың баласы Мұқаметқали ақсақалмен талай
мәрте кездесіп, әңгімелестік. Ол кісінің айтуынша, Теміртас сол
кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс бо-
лып, топырақ сол Сібірден бұйырған. Балалары боранды, аязды
күндердің бірінде адасып кетіп, содан аман келгені жалғыз Мұқа-
метқали. Ол кісі ұзын бойлы, ірі денелі, қара торы, келбетті, кесек,
қайратты адам еді. Жасы сексеннен асқан шағында да білектері
сойылдай берік, сіңірлі, сом болатын. Шопыр болып жұмыс істе-
ген, қоңыр даусымен ептеп өлең де айтатын. Мұқаметқалидың ба-
лалары, олардан тараған ұрпақтары бар.
Бұған қоса, тағы бір сөз: Біржан салдың домбырасы Алматыда,
республикалық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Сол
домбыраны мен қолыма ұстап, шертіп көрдім, созған қолым басы-
на зорға жетті! Бойы ұзын, құлашы кең, мол жаралған адамның
мұрасы екені көрініп тұр. Ал, енді Бүркіттінің басынан шырқаған