Table of Contents Table of Contents
Previous Page  12 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 310 Next Page

12

Орындаса «Манасты».

Қараса да қай тұсқа,

Қырандайын ол түлер,

Салсаң егер айтысқа,

Тұнып тұрған фольклор.

Мен мынаны асқақ айтып, асыра айтып, болмаса қосып айтып

отырмын демес едім, бұл шынайы шындық, айқын ақиқат. Көзіміз

барда көріп, құлағымыз барда естіп жүрген жай осы. Талай рет са-

парлас, дәмдес-тұздас болған кезімізде оның көсіліп кетсе, көсем,

шешіліп кетсе шешен, айтысып кетсе, аса беретін сәттеріне куә бо-

лып жүрмін. Таңғаласың. Таңдай қағасың, ырза болып, айызың бір

қанып қалады-ау шіркін! Ол айтысқа шығып төгілте жырлай жөнел-

генде еңкейген кәріден есеймеген балаға дейін қуана қол соғып, қол-

паштап, қуанатынын қайтерсің. Өзің де солармен бірге толқып оты-

расың, жәй емес шаттанып кетесің. Айтыстың ата қасиеті осында

шығар, сірә. Ал бірақ бәрінде осылай бола бермейді. Айтыстың да

айтысы, оның да құнарлы, құнсызы бар. Әлгіндей делебе қозу Баян-

ғалилар қатысқан дүбірлі сөз жарысында болатынын айтқаным ғой.

Әйгілі Кенен Әзірбаевтың Алматыдағы торқалы тойы. Астана

жұртшылығы, бүкіл Әулиеата әулеті үлкен тойға жан-жақты әзір-

лік жасаған. Әрине мұндай аталы аста ақындар айтысы тойдың

шырайын кіргізеді. Айтыс Республика сарайында өтті. Баянғали

біртүрлі қобалжып, жеңіл сезім діріліне бой алдырды. Ығы-жығы

халық. Республикалық айтыс болғандықтан, әр облыстан шақы-

рылған ақындар көп. Баянғалидың жұбына талай айтыстарда жүл-

де алған, Республикаға танымал болып қалған майталман айтыскер

Әселхан Қалыбекова кезікті. Қобалжитыны сол. Айтысқа алғашқы

жұптардың қатарында шықпақ. Әлі біраз уақыт бар. Сахнаға бүй-

ірлес дайындық бөлмесіне сия алмай байыз таппаған Баянғали дә-

лізге шығып кетті. Іштей күбірлеп қояды. Онысы түптен тартыла-

тын, көмейге құйылатын сөз сұрағандай. Бір ой мазасын алып ба-

рады. «Әй, Шәрібек-ай, бір қиқарлансаң, қоймайсың ғой, сен ай-

тысуың керек, жығылсаң нардан жығыл, түссең, дөкейлердің өзі-

мен түс деп болмадың ғой. Енді қарашы, қармағыңа қалай түсіп

қалғанымды өзім де білмей тұрмын. Қинадың-ау, бауырым!» деген

ой жетегіндегі Баянғалидың құлағына «Сахнаға келесі жұпты ша-

қырамыз. Шымкент қаласының ақыны Әселхан Қалыбекова мен