Table of Contents Table of Contents
Previous Page  8 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 310 Next Page

8

Жырдың 1000 жылдығын өткізер алдындағы ұлан-ғайыр дай-

ындықты қырғыз ағайындар қазақ-қырғыз суырыпсалма ақында-

рының айтысын өткізуден бастауды жөн көріпті. Яғни, 1995 жылы

өткізілер ұлы дүрмекке дейін жасалар барлық игілікті шараларға

осы айтыс көшбасшы болып, семсердей жарып отырады деген сөз

ғой. Бұл екі ел ақындары бұрын да талай-талай айтысып, біріндегі

кемшілікті бірі ашып, игілігіне шын жүрегімен қуана білген. Сон-

дықтан болар, қырғыз бен қазақ ақындарының бүгінгі сайысына

өнерсүйер қауым ерекше ден қойды.

Ақындар айтысы қырғыз елі астанасының ең бір көрікті мәде-

ниет орны –Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Мемлекеттік филор-

мониясында өтті. Екі елдің жарасымы мол, дәстүрлі айтысын қа-

зақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғыз

Республикасындағы Төтенше және өкілетті өкілі Мұхтар Шаханұ-

лы аша отырып, «Манас» эпосының мерейлі мыңжылдық тойына

ел атынан басын иіп, тағзым етті.

Бұл көнермейтін, уақыт өткен сайын жаңарып, жасара бере-

тін ұлы жырды ғасырлар қойнауынан суырып, ел игілігіне жара-

тып, мақтаныш ете білген бауырлас қырғыз халқында арман жоқ

шығар. Бұл екі елдің қыз-жігіттері ықылым заманнан-ақ талай-

талай қиын-қыстау, ел басына күн туған талма сәттерде батырлық-

тың, ғажайып ерліктің, парасаттылықтың үлгісін көрсетіп, тізе қо-

са бірге қимылдап келеді. Соның бірі кешегі желтоқсан оқиғасы.

Онда да екі ел ақындары бірі – домбырасын, бірі қолына қомызын

алып, ерліктің небір үлгілерін паш ете білді. Қырғыз елінің қыз-

жігіттері «бауырларымыз қанға боялып жатқанда біз қалай тыныш

жатамыз» деп Желтоқсан алаңына қарай асықты. Бауырлас қазақ

елі оны әрдайым құрметпен еске алып отырады.

Сөзінің соңында Мұхтар Шаханұлы екі ел ақындарына табыс-

тылық тіледі. Әрине, мұндай дүбірлі айтысқа қатысқан да арманда,

қатыспаған да арманда емес пе! Бұдан соң сөз алған Қырғыз Рес-

публикасы Мәдениет министрінің орынбасары Шерімбек Шар-

шаев, Мемлекеттік филармонияның директоры Ахун Тоқтасартов

ақындарға абыройлылық тілесе, қырғыз халқының ел ақыны Есте-

мес Тұрсынәлиев ауыздарымен құс тістеген сөз зергерлеріне жол-

дары болсын айтып, батасын берді.

Сонымен… сонымен дүбірлі айтыс та басталып кете барған.