5
қазіргі қазақ жастары. Ара-тұра ойын-сауық, кинотеатрға барып,
спортпен шұғылданып, футбол тамашалап, мәдени-рухани өсумен
қатар Қиқымат дегендері ептеп тартып қоюды да теріс көрмейді.
Әрине, арақ ішкеннің мақтарлығы да, құптарлығы да жоқ, бірақ
соны қалай ішудің жолын, айла-амалын іздеп, талай «тапқырлық»
жасап, өзін де, баласын да, әсіресе келіншегін де қиналатындай
деңгейге жеткізбегенмен, ығыр қыла бастаған сәттердің психоло-
гиялық нанымдылықпен ойлы суреттелуі Баянғали қаламының
алғырлығын, байқағыштығын сездіреді.
Баянғали өзгенің шығармалары жайында толғамды пікір айтып
жүргенде бір нәрсені, яғни А. Чехов айтатын шын таланттың жо-
ралғысы ықшамдық екенін ұғып, оны қатаң сақтауға талаптанаты-
ны көрінеді. Бұл қазіргі проза үшін айрықша қажет, өйткені роман-
повестердің өзі бұрынғы ұзын әңгімелердің көлеміне түсіп жатқан
заманда, ұлан-ғайыр баяндауға түсу, ежіктеп қайталау, сөз бояуын
кірістіре алмаған соң әлемештей берудің әбестігін қатты ұққан. Іс-
қимылы да, бояуы да динамикалы ықшам сөйлемдерді еркін және
ажарлы құрап, оймен көмкеріп отыруға машықтанып келе жатқа-
ны байқалады.
Жазушының құдіреті – сөз. Сол сөзбен сурет салып, сәулетті
де салтанатты сарай орнату қажет. Осыдан жұрттың бәрі де дәме-
ленеді. Сөйлемді дұрыс құрап, ойын айта алмағандардың бәрі бір-
дей жазушы болмайды. Шүкіршілік, ондайлар қазір көбейді, «жүз-
ден жүйрік» деген ғой, суырылып шығатындардың аяқ алысы ә
дегеннен-ақ қылаң беруде.
Баянғалидың әңгімелері мен повесі сатиралық астарының қа-
лыңдығы біраз көркемдік қуатқа түскені сөзсіз. Өйткені өмірдің ол-
пы-солпысын сол күйінде беруге де болады, әзілдеп, қалжыңдай
отырып, оқушыңды өзіңе жақтас ететін, жіпсіз байлайтын юморлық
желінің бір ұшын мықтап ұстай отырып шығарма жазу және кейіп-
кердің түс-келбетін, портретін былай қойғанда, ішкі әлемін, психо-
логиялық жан сырын алдыңа жайып, содан күлкілі жайлар табу, ке-
леңсізден жирендіре бездіру тенденциясын білдірмей, ақыл үйрет-
пей, насихат айтпай, нұсқау бермей-ақ оң жолға бастау жас жазушы
Баянғали үшін аз олжа болмасқа керек. Түбінде сынға қол бұлғап
қоштасып шыға келеді-ау дегенде, жалпы эстетикалық таным-
білігіне емес, осындай көркемдік тәжірибесіне қарап айтып отыр-
мын.