Table of Contents Table of Contents
Previous Page  6 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 310 Next Page

6

Әдебиетіміз өсіп, қаламгерлеріміз молайған сайын қуаныш-

шаттық әкелетін құнарлы да сүбелі шығармаларды көбірек тілей-

тініміз анық. Оларды әрине, қанаты қатайған, жанары алысты ша-

латын қыран таланттар жасайды. Баянғали Әлімжановқа ұядан ір-

кілмей ұшып шықтың, енді әдебиет аспанында еркін самғап, әр-

қашан биіктен мол олжамен көріну үшін тынымсыз еңбек ет деген

тілек айтқан орынды.

«Қазақ әдебиеті», 1984 ж.

МЫҢЖЫЛДЫҚ МАНАС

Бауырлас қырғыз халқының батырлық эпосы «Манас» жыры-

ның бүгінгі дәрежеде сақталып, ұрпағына аман-есен, бүтін күйін-

де жетуіне егіз халықтың екеуі де ортақ. Шоқан Уәлиханов:

«Манас» – бүтін бір халықтың шығармасы, соның көпжылдық

творчествосының жемісі – дала Илиадасы десе де болғандай» деп

жырды алғаш хатқа түсірді. Заманынан озық туған дана Шоқан,

көңілі өзінің Көкшесіндей сара Шоқан ұйқылы-ояу сахарасын ара-

лай жүріп, бір сәт бауырлас жұрттың ертеңгі баға жетпес қа-

зынасына айналар, бары да, нары да, болар асыл жырды сөндір-

мей үрлеп, сақтап қалуға өз үлесін қосқандығын осыдан-ақ бай-

қауға болар. Оны «төскейде малы, төсекте басы қосылған» Ала-

тау жұрты оның күнгейі мен теріскейін ұмыта алар ма!

Қырғыз Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары,

«Манас» жырының 1000 жылдығын өткізу жөніндегі комиссияның

бастығы Шерімбек Шаршаев 1946 жылы-ақ «Манас» жырының

1100 жылдығын өткізу жөнінде өкімет тарапынан арнайы шешім

шығарылып, бірақ жылнамадан қате кеткен деп кейінге қалдырыл-

ғандығын айтады. Ал, 80-жылдары Шыңғыс Айтматовтың өзі бас

болып, жырдың 1000 жылдығын атап өтуді қатты қолға алған. Бі-

рақ тағы да қолдау таппаған, кедергілер кес-кестей берген. 1952

жылы 8 шілдеде «Манас» эпосын зерттеу жайындағы конферен-