Table of Contents Table of Contents
Previous Page  3 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 310 Next Page

3

ЛЕБІЗДЕР

ҚАНАТ ҰШСА ҚАТАЯДЫ

Өнер жолын әуелде сыншылықтан бастаған Баянғали Әлімжа-

новтың тындырғанын қазір ауыз толтырып айта қою ертерек болса

да, бірақ талантының өткір қыры айқын аңғарылып қалғандығы

даусыз. Кезінде баспасөз бетінде шыққан ойлы мақалаларымен та-

нылған Баянғали сол рецензия ауқымында қалып қоймай, толғамды

ой-пікір айтуға, өткір проблемаларды шешуге ұмтылған талапкер

сыншы болатын. Оның осындай еңбектері «Уақыт және қаламгер»,

«Жастар жастар туралы» атты жыл сайын шығатын жинақтарда жа-

рияланып, көзге түсті. Осындай қомақты да толымды ойларымен,

эстетикалық талдауларымен, өзінің айшықты қолтаңбасымен көрін-

ген Баянғали Әлімжанов соңғы екі-үш жыл көлемінде прозаға, са-

тиралық астары қалың психологиялық юморға ден қойып бара жат-

қандай көрінеді маған. Әрине, жас дарынның іздену дәуірінде әр

қырынан көрінгені алдымен әдебиет игілігі ғой, алайда түбінде сын-

ға опа бермей кетер ме екен деген күдігім де жоқ емес. Оған 1982

жылы жеке жинақ болып шыққан «Қиқыматтың хикаялары» атты

сатиралық әңгімелері мен «Жұлдыз» журналының 1983 жылғы 12-

санында жарияланған «Алмамбеттің әңгімесі» деген сатиралық по-

весі дәлел. Жинақтағы ірілі-уақты он жеті әңгіменің іштей бір желі-

ге тартылғаны тек Қиқыматтың араласып жүруімен ғана емес. Ол

циклдарда байқалатын көркемдік нақыш, яғни көзге көрініп тұрған

олқылықты жайдақ шенемей, адамдардың психологиясы арқылы

ашып, образ жасау тенденциясын ұстап отыруы орыстың классика-