4
лық әдебиеті мен қазақтың әдеттегі әзіл-қалжыңын аспанға көтеріп,
талай бейнелерді көз алдымызға көлденеңдеткен Бейімбет Майлин-
нің дәстүрінен нәр алған, әсіресе Мырқымбайдың етегіне оралып
өсіп келе жатқаны аңғарылып қалады. Жинақтағы жанды шымшы-
лап, бетті дуылдататын, кейде ұялғаннан теріс қараттыратын де-
тальдар шындығы, көріністер айқындығы жас қаламгерге еріксіз
тілектес етеді. Қиқыматтың хикаяларын енді Алмамбеттің әңгімесі-
мен аумақтандырып, іштей бір-біріне туыстық дарытып, әлеуметтік
кесапаттармен күресуге бел шешіп шығуы да құптарлық қадам.
Мұндай машыққа Баянғали реалистік әрі ара-тұра жылт еткен юмо-
ры мен әзіл-оспағы бар әңгімелерімен жетті. Оның «Ұя», «Біреудің
шаруасы», «Ақталмаған үміт», «Есепті дос» деген әңгімелерінің
биігі – «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Бақыттың бір үле-
сі». Онда автор біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткен футбол ой-
ынының өзінен өрелі ой түйіп, әр көріністі ажарлы штрихтармен
бергендігін көреміз. Сондай-ақ «Қазақ әдебиетінде» жарияланған
«Жеңіліс» әңгімесі де портреттік суреттілігінің айқындығымен,
мансап үшін сүйген қызы түгілі ар-намысынан айрылған иілгіш,
мойылғыш Сержандардың қазіргі кескін-келбеті, әрекет-қимылы
психологиялық нанымды, сырттай әсерлі де ажарлы шыққандығын
айрықша айтуды талап еткендей шынайы, көрікті.
Осы әңгімелері мен жинағы, тартымды повесі бір-бірімен құй-
рық тістесе шыққан кезден бастап менің күдігімнің күшейе түс-
кендігін жасыра алман. Өзім сынның жоқтаушысы болғандықтан,
айтып жатқаным ғой, әйтпесе әдебиеттің қай саласында болмасын
өндіре жазып, жарқырай көрініп жүргені қуаныш екені даусыз.
Әлгі талданған әңгімелер мен повестің тартымдылығы, оқушы жү-
регіне жол табар сыршылдығы мен мөлдірлігі, сөз мәнерінің ойна-
қылығы мен бояуының әр алуандығы қуантады. Оның үстіне по-
весть-әңгімелерінде өмірді жаңаша көрудің нышандары айқын.
Біздің бірталай жас жазушыларымыз өмірден көрген-білгендерінің
аздығына байланысты көбіне өзінің ауылда өткен балалық шағын,
мектепте оқыған кезін аңсай беретін шығарма тудырса, Баянғали-
дың кейіпкерлері қалада тұрып, жаңа тұрмыс құрып жатқан құр-
бы-құрдастары. Олардың қалтасында ЖОО-ның дипломы, алдын-
да жұмыс столы, бірді-екілі перзенті бар жас желеңдер. Келіншегі
де, күйеуі де өссек, жетілсек, елге пайдамызды тигізсек деген ар-
манмен біріне-бірі сүйеу, тірек болып, қол ұстасып келе жатқан