Table of Contents Table of Contents
Previous Page  10 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 310 Next Page

10

лық танытқаны, ата сыйлай білгені үшін қадірменді ақынның он

екінші баласы болып, тай мініп қайтты. Қырғыз елі «Манасты»

қалай сүйсе, қазақ халқы да ер «Манасты» басына жастап, жаттап

өскен ғой. Көкшетаулық ақын Баянғали Әлімжанов туралы дәл

осылай деуге болады. Баянғалидың бұл 121 рет айтысқа түсуі екен.

«Тек 58 айтыстан кейін Зайсан қаласында ат міндім» деп отыратын

ақынның бүгінде 11 бас жүлдесі бар. Оның барлығы өзінің төккен

тері, ел-жұртының қошеметі болса керек.

Қазақ айтыс ақындарының қарымын танытқан 1989 жылғы

Халықаралық айтыс талай жампоздардың тұсауын кесіп, түндігін

көтергені анық. Әңгіме реті келгенде осы сапар біз Баянғалидан

сол айтысқа қатыса алмау себебін сұрап қалғанымыз бар. Сонда

ақын күйзеле отырып «мен онда ауылда ағамның құлпытасын

шауып, Алматыға жәутеңдеумен жүрдім емес пе» деген еді. Уақыт

емші, бәрін де жазады. Баянғали бұл айтысқа ерекше шабытпен

келіпті. «Манас» эпосын басына жастап өскен қазақ ұлдарының

бірі менмін дегендей, бүгін оның нағыз бабына келген шағы екен,

айтыс арасында жырдың басты-басты тарауларынан үзінді оқи

жөнелгенде құдды қырғыз ба деп қалады екенсің. Жыр киесі Баян-

ғали Әлімжановқа қырғыз топырағынан нар мінгізді. Оны ақын

Қырғыз Республикасында енді ғана ашылған казақ елшілігіне бай-

ғазым деп байлады.

Демеймін ешқашанда елден астым,

Келмейді және ешкімді белден басқым.

Бәйгені маған берсең, қалың қырғыз,

Аруағын сыйлағаның ер «Манастың».

Қазақтың өлең-жырын жырлай берем,

Манасты өле-өлгенше толғай берем.

Жол тартып жүректерге өлеңіммен,

Арасын қырғыз-қазақ жалғай берем! – деді ол толқып тұрып.

Өнерді өнер толықтырады, толқытады, толыққанды етеді дей-

міз ғой. Айтыс арасындағы үзілістерде көршілес Жамбыл облысы,

Қордай ауданынан келген өнерпаздар көпшілік көңілінен шығып

отырды. Аудандақ мәдениет үйінің жетекшісі Күміс Сәрсенбаева-

ның әулете салған әні, Жамбыл қаласындағы «Айша-Бибі» халық-

тық би-ансамблінің бишісі Перизат Омарбекованың мың бұрала

билеген биі, ағайынды Асхат, Мақсат Базарбаевтар мен Айдар Ос-