9
… Шымылдық ашылысымен сахна төрінде домбыралары мен
қомыздарын сығымдай ұстап отырған ақындарға көзіміз түскен.
Жұрт қошемет көрсетіп жатыр. Айтыс жеңіссіз немесе жеңіліссіз
болмайды ғой. Бірақ, қазылар алқасының алдын ала келісімі бой-
ынша бұл айтыста ақындарға бал берілмейтін болды. Жұрт өзі ба-
ғамдай жатар. Оның үстіне мұндай бір-ақ рет болар өнер сайысына
екі елдің де маңдайына біткен даралары қатысса керек-ті… Қазы-
лар алқасының ішінде «Я, пірім» деп отырған ақын Қайрат Жұма-
ғалиев пен «жақсы айтыссаң, бармағымды, қожырап бара жатсаң,
шынашағымды шошайтамын» деп өзінің жарасымды әзілімен
ақын інілері мен тұстастарының арқасынан қағып, көңілін көтеріп,
сахнаға шығарып салған Толымбек Әлімбекұлын көзіміз шалып
қалды. Иә, дүниені дүркіретердей келгенде, сәл нәрседен сүрініп
кетсең, оның несі жақсы дейсіз. «Манас» тойын екі ел болып бас-
тап жүрейік деп ақындарын үзеңгі қағыстырғанда да «Манас» жы-
рындағы:
Қорғаймын десең жаныңды,
Көтеріңдер ханыңды.
Бекер жатпай ендеше,
Тірі болсақ бәріміз,
Бір төбеде болалық– деген өлең жолдары еске түседі.
Бұл үш күнге созылған, дүлдүлдер үшкүншілік жерге жеткен
айтыста болат тұяқтары сахнаны дүрсілдетіп барлығы да дара кел-
ді. Айтыста бірінші, екінші… орын дегендер болған жоқ. Бірақ, екі
жақтан қатысқан он ақынның оны да Манас аруағына бағыштап
жыр шертті. Қырғыз сахнасында, қырғыз өнерсүйер, әнқұмар жұр-
тының қалың ортасында қызылордалық Лена Әбдіхалықованың
жебей салған күміс үні қалды.
Әсіресе ақын қызымыздың қырғыз ақыны Оразбек Құтманә-
лиевпен айтысынан кейін іле-шала орындаған осы автордың «Ке-
шіккен махаббат» әні жұртты теңселтіп жіберген. Нақ осы әуенде
бұл ән қайталанбайтын, ешкім қайталай алмайтындай екен.
Қырғызға күнде барып, қымыз ішіп қайтатын ақын Есенқұл
Жақыпбековтың атақты Әшірәлі Айталиевпен айтысына да жұрт
жоғары баға берді. «Еңбек жолын енді бастап» мұндай үлкен ай-
тыста тұсауын кескізген Ермек Жұматаев, Серік Қалиевтердің де
аяқ алысы жаман болған жоқ. Айтыстың үшінші күні Ермек Жұ-
матаев қырғыз ақыны Оразбек Құтманәлиевпен айтыста тапқыр-