Table of Contents Table of Contents
Previous Page  11 / 310 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 310 Next Page

11

пановтың орындауындағы «Уа, жеңгелер», «Кермаралдай» әндері

өз нақышымен, бояуымен Алатау аспанында қалықтап тұрды.

«Жас алаш», 7 қазан, 1993 жыл.

КӨКШЕНІҢ БҮГІНГІ БІРЖАНЫ

1979-1981 жылдар. Алматының сол кездегі Жоғары партия

мектебінде оқып жүрген кезім. Бірге оқыған, өзімнен көп кіші, бір

бөлмеде тұратын Шымкент өңірінің тумасы Шәймерден Дәуренов

(марқұм) алғашқы танысқан күні: «Бүгін Баян ініңіз келеді, білетін

шығарсыз?» – деді. Бұрын білмеген соң «жоқ» демей, не дейін?

«Ім-м, қызық екен, осы жасқа келгенше «Көкшетаудың көкжалын»

білмегеніңіз қалай?» деп көзін сүзе ақшаң ете түскені.

Содан, кейін Баянғалимен сөйлескенде: «Әй, Баян, сенің ағаң-

мен бір бөлмеде тұратын болдық. Сені сұрасам, білмеймін дейді.

Сонысын ұнатыңқырамай тұрмын» депті.

Шәймерденді курстастары «Шахи» деп атайды екен. Баян екеуі

университетте оқып жүргеннен жолдас көрінеді. Екі жыл бойы

қадірлі іні болған, білікті азамат, ақын, әдебиетті жақсы білетін,

сөзге өте шешен Шәймерден: «О, Баян түбінде бәрінен асады,

оның өнері сегіз қырлы, одан бірдеңе шығады, айтпады деме» деп

отырушы еді. Адамды тани, жақсыны көре білетін Шахидың аузы

дуалы екен.

Сол тұста «Қазақ әдебиеті» газетінде істеп жүрген Баянғали

бір сыпыра ұсақ әңгімелер жазып, сатирик жазушы атанып қалған.

Сексенінші жылдарда оның алғашқы «Ұя», «Қиқыматтың хикая-

лары» атты кітаптары жарық көрді. Содан кейін Баянғали айтыс-

керлік, жыршылық екінші қырынан танылды. Осыған байланысты

өзімен замандас белгілі ақын Жарасқан Әбдірашев жазған мына

бір жыр жолдары оның өнердегі бейнесін айнытпай танытқандай:

Орыспен де санасты,

Қазақпен де санасты,

Қырғыз ба деп қаласың,