7
цияда сөйлеген сөзінде Мұхтар Әуезов: «Қырғыз халқына «Ма-
нас» эпосы керек пе, жоқ па?» деп мәселені төтесінен қойған. Со-
нан соң: «Қырғыздың халқына «Манастың» керек екендігі даусыз.
Өйткені бұл жыр қырғыз халқының өткендегі рухани мәдениетінің
бірден-бір ескерткіші» деп жырды басқа халыққа телуші қарсы-
ластарының жолын кесіп тастаған. Конференцияда сөз сөйлеген А.
К. Боровков баяндамасының 99 проценті эпосты жоққа шығаруға
жасалған әрекет деп, кейбір жікшілдердің де адымын аштырмай
тастаған («Уақыт және әдебиет», 1962 жыл).
Міне, биыл ғана ЮНЕСКО 1995 жылды «Манас жылы» деп
атауға шешім қабылдады. Бұл қуанышқа қазақ елі де ортақ. Бүгін-
де «Манас» эпосы бүкіл бір халықтың мақтанышына айналған жә-
дігер. Жырдан үзінді оқи білмейтін қырғыз, әй, кемде-кем-ау. Да-
нышпан Әуезовтың «Манасқа» ден қойғаны сондай – кәдуілгі ма-
насшыларша ұзақты күн жырдан үзінді оқитын болған.
Өткенін қастерлеп ұстап, қадірлеп сақтап, кейінгі ұрпаққа жет-
кізуге әрдайым шебер бауырлас ел үлкен де абыройлы шараны
бастап та жіберген екен. Оған тайлы-таяғы қалмай атсалысып, бі-
рін-бірі толықтырып, күн сайын жаңа бір іс бастау алады. Абы-
ройлы аяқтау да басталған істің кең өлшеніп, келісімді пішілуінде
болса керек.
Қырғыз университеті мен Ғылым академиямыз «Манасқа»
байланысты осыған дейін жарық көрген зерттеу мақалалардың ба-
сын қосып қайта шығармақ, – дейді Ш. Шаршаев әңгіме арасында.
Бұрын бейнетаспаға түсіріп алынған атақты манасшылардың бас-
қосуы, олардың нөпір жұрт алдына шығып бірнеше күн бойы
«Манасты» жырлауы кейінгілерге үлгі-өнеге. Оларды да жамап-
жасқап, бір арнаға түсірмекшіміз. Содан кейінгі игілікті дейтін
істің бірі – эпосты оқытуды балабақшадан бастап жоғары оқу
орындарының бағдарламаларына дейін кіргізу ойымызда бар. Қа-
зір ешкімге құпия емес, біздің «Манас» жырымызда да кеңестік
дәуірдің сарыны бар. Содан арылту керек. Ол үшін көнекөз ма-
насшылардың басын қосып, қайта жырлатып, шама келсе, қайта
жасамақпыз. Әрине, көп күш, қаржы, ауызбірлік бұл жерде де ке-
рек-ақ. Алдымызда Шоқан Уәлихановтың он бес баспа табақ кіта-
бын шығару жоспары да бар. Ал XIV ғасырда тұрғызылған Талас
алқабындағы Манас күмбезі тұрған жерде қазақ-қырғызға ортақ
Тарихи-мәдени кешен салынатын болады.