12
ЕКІНШІ СУРЕТ
Бірінші көрініс
Қырындағыш үйінің алды. Үлкен ақ киіз үй тігілген.
Жас жұбайлар шаруа қамымен жүр
.
ҚЫЗ:
Сен мені күшті жақсы көресің бе?
ЖІГІТ:
Иә, мен сені күшті-і жақсы көремін!
ҚЫЗ:
Тек мені ғана жақсы көресің ғой, иә?
ЖІГІТ:
Тым эгоист болмасайшы!
ҚЫЗ:
Ах, сонда менен де басқа жақсы көретіндерің бар ма?
Айт кәне, кім?
ЖІГІТ:
Енді... ол кім... кім болушы еді? Әке-шешемді жақсы
көремін!
ҚЫЗ:
О-о, мен де папам мен мамамды күшті жақсы көремін!
Менің папам мен мамамдай ата-ана жоқ қой бұл ғаламда!
ЖІГІТ:
Әркімнің ата-анасы өзіне ыстық. Бірақ енді біздің
екі ата-анамыз бар. Біз оларды бірдей жақсы көруіміз керек!
ҚЫЗ:
Солайы солай-ау! Бірақ... білмеймін... бірте-бірте
жақсы көріп кетпесем... Біртүрлі папам мен мамамды сағына
беремін. Оның үстіне біздің жаққа келгелі апамның да қабағы
қатыңқы.
ЖІГІТ:
О кісі де әзірге саған үйрене алмай жүрген шығар...
Әлі-ақ қызындай жақсы көріп кетеді...
ҚЫЗ:
Қайдам... Әйтеуір, ана жолы барғандарында көп
нәрсеге келісе алмаған тәрізді. Папам мен маманың айтқан
дарына көніп, көңілдерін аулай салса қайтеді екен? Келіп-
кеткендерден естідім... сөзге келіпті.
ЖІГІТ:
Папам, мамам дегенде сондайсың, бір мезгіл менің
де әке- шешемді ойласаңшы.
ҚЫЗ:
Ойлай жатармыз әлі! Әзірге мендей баласын алып
отырып, папам мен мамамды ренжіткендері жаныма қатты
батып жүр. Қалтаны да дұрыс апармапты, жеңгеме ақ жүзік
жетпей қалыпты!
ЖІГІТ:
Ой, қойшы! Қайдағы бір қазақпайский мелочтар
үшін сонша таусылып...