Table of Contents Table of Contents
Previous Page  11 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 320 Next Page

11

Үшінші көрініс

Сұрамшақтың төр үйі. Жеңгей мен дөкей отыр.

ДӨКЕЙ:

Иә... қалай, құдалар?!

ЖЕҢГЕЙ:

Өй, өздері бір өңкей дүңгәнә! Жөн білмейді,

айтсаң ұқпайды. Таршылық дейді!... Қысқасы, бізге пар емес...

Дажы қалтаға ақ жүзікті көбірек тағуға шамалары жетпепті.

ДӨКЕЙ:

Сәбеттің жиырма тиындық күмісінен соғылған ақ

жүзікке бола несіне сонша шала бүлінесің?

ЖЕҢГЕЙ:

Әңгіме – ізінде! Жол-жоба бар емес пе?Жолымды

сыйламағандарыжүйкемді жұқартып-ақ тұр! Бәлем, көрермін!

Үйретермін әлі жөн-жобаға!

ДӨКЕЙ:

Сенікі жөн, зәкөншігім!

ЖЕҢГЕЙ:

Жөн болғанда қандай, дәкөйшігім! Қызды да мен

қашырып жібергенмін!

ДӨКЕЙ:

А-а?!

ЖЕҢГЕЙ:

Да-а! Егер қолдан ұзатса, салмақтың бәрі бізге

түспей ме? Сұрамшақ қайнағаның жайы белгілі. Осыларды

өрге сүйреймін деп-ақ жүдеп жүргенің жетер!

ДӨКЕЙ:

Қатырған екенсің!

ЖЕҢГЕЙ:

Құдалар келгенде жаным қалмай жөн-жоба көр­

сетіп-ақ бақтым. Сөйтіп жүрген маған ақ жүзік тимей қалды

деген не сұмдық! Сенің анажеңгеңжолдың бәрін өз туыстарына

таратып берді, алдымен абысыны – менің көңілімді таппай ма?

Бүкіл елдің алдында ақ жүзіктен құр қалып, ақ жүзімді төмен

салдым ғой!

ДӨКЕЙ:

Тәк!

ЖЕҢГЕЙ:

Ол мені ғана емес, дөкейшік, осы елдің асқар

тауы – мына сені сыйламағандары!

ДӨКЕЙ:

Жарайды! Ап кел!

(Жеңгей бір бөтелке арақ әке­

ліп, қырлы стақанға

толтыра құяды. Дөкей қағып салып,

жұдырығын иіскейді).

Көрерміз!