Table of Contents Table of Contents
Previous Page  8 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 320 Next Page

8

Бәрі

(

қосарлана):

Әмин!

2-ҚҰДАҒИ:

Басқа шалтай-балтайыңды білмеймін!

(Жең­

гейдің дауысына салып)

Жөн білетін кісі болсаңдар, бір шай

беретін кездерің баяғыда болды.

ЖЕҢГЕЙ:

Шай қайда қашар дейсіз... бәрі де бола жатар...

Заң бойынша әуелі мәселені шешіп алайық!

ҚҰДАҒИ:

Онда былай, құдалар...

СҰРАМШАҚ:

Айтатыныңды мәймөңкелемей айт! Мәментті

пайдаланып, сұрайтыныңды сұрап қал! Күнде қыз беріп

жатқан жоқпыз!

ҚҰДАҒИ:

Айтсам, ата жолымен қалыңның ырымын

жасайсың... Әкесіне ат, анасына алтын дегендей...

СҰРАМШАҚ:

«Жигулидің» төрт жаңа доңғалағын

берсеңдер, машина мінгендей көрер едім. Тағы бір ескеретін

нәрсе әкумуләтірім алқынып, кәрбирәтірім қақалып жүр...

ҚЫРЫНДАҒЫШ:

Кенераторың қоңқылдап, мартизаторың

тоңқылдаған жоқ па?

СҰРАМШАҚ:

Оны да беруші ме ең? Қап, аузыма түспегенін

қарашы!

ҚҰДАҒИ:

Темір-терсегіңді бойың үйренген соң түгендей

жатасың ғой. Жолға қоспа оныңды!

(2-құдағиға)

Тоймал, оң

жақ, үш үйге ілу, екі жеңге қалта, тағы басқа да андай-мұндай

кәделерін түгендеп берерсің... Менің де дос-дұшпаным бар

дегендей...

2-ҚҰДАҒИ:

Кәкүр-шүкірді көбейте бермей, жалпы сомасын

бірақ айтсаңыз болмай ма?

ЖЕҢГЕЙ:

Кәкүр-шүкір деп халқымыздың салт-дәстүрін

келемеждемеңіз, тәбәріш құдағи! Біздің ел – «Кәмөнезм» елі

жөн-жобамен жүретін, атадан қалған жол-жоралғыны қатты

ұстайтын, қажетіне қарай қосып, дамытып отыратын текті ел.

Біз әр нәрсеге үлкенмән береміз, сәл нәрсеге баладаймәз болып,

достасып кетсек, сәл нәрсеге баладай бұртиып, қастасып та

кетеміз. Тіпті титтей нәрсенің өзін ырымдап, кәделеп, кәдірлеп

жүреміз. Бізбен дос болғыңыз келсе, құдағи, осы тәртібімізге

көнесіз. Жаңа ардақты абысыным, үлкен үйдегі ұлағатты кісі

сізге шет-жағасын ғана айтып, ар жағын әдейі маған қалдырып

отыр. Сол сенімін ақтап, мен кәнкіретні кірісейін!