Table of Contents Table of Contents
Previous Page  4 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 320 Next Page

4

БІРІНШІ СУРЕТ

Бірінші көрініс

Орташа тұратын ауыл қазағы Сұрамшақтың төр үйі.

Жеңгей мен қыз бір қызу әңгімені аяқтауға айналған.

ЖЕҢГЕЙ:

Сонымен солай де!... Бір-біріңді күшті сүйесіңдер

ме?

ҚЫЗ:

Сонымен солай деп жаңа ғана айттым ғой...

ЖЕҢГЕЙ:

Тағы да айтшы! Айта түсші! Жақсы көреміз деген

әншейін жалпақ сөз, тәптіштеп айтшы, қалай сүйесіңдер?!

ҚЫЗ:

Секрет фирмы!

ЖЕҢГЕЙ:

Секіреді дейді... секіртпей қоясың ба, сен сиқыр

қыз! Әйтеуір, қазір сүюдің неше түрі шығып жатыр... видиктен

көріп жүрміз... біз соның бірін де білмеппіз ғой... Әй, тағы

қалай-қалай жақсы көресіңдер?

ҚЫЗ:

Ой, зәкөншік жеңешем-ай сол, не болды сонша?

ЖЕҢГЕЙ:

Шіркін! Жас болғанға, махаббатқа мас болғанға

не жетсін! Жөн білетін қыз болсаң, кісіні жынды қылмай,

айтпас па едің бәрін де!

ҚЫЗ:

Нені?

ЖЕҢГЕЙ:

Былай... былай... жақсы көреміз деп!

ҚЫЗ:

Осыныңды ағама айтып қойсам, көрер едің былай...

былайды...

ЖЕҢГЕЙ:

Айта бер... Тезірек айтшы ағаңа... Былай...

былайдан өлген әйелді көргем жоқ!.. Мен де айтайын ағаңа...

Мына қыз бауырдан да бай қымбат деп бір-ақ тартқалы жатыр

деп! Айтқандайын, баратын жерің қандай екен?

ҚЫЗ:

Қандайы несі?

ЖЕҢГЕЙ:

Әулеті мен сәулеті қандай, бәрінен бұрын дәулеті

қандай екен деп сұрап тұрмын мен сенен!

ҚЫЗ:

Білмеймін... енді... әке-шешесі, туыстары бар

көрінеді.Өзіміз сияқты... Ауылда тұратын... оп-оңды кісілер...

ЖЕҢГЕЙ:

Түсінікті! (

Өзіне-өзі

) Сенің әке-шешең сияқты

болса, жетіскен екенбіз! (

Қызға

) Қазіргінің қыздары «ақшасы

көп, ақылы аздарды аулайтын қу болады» дейтіні қайда?

Шалбарына емес долларына қарайтын заман емес пе? Жөн

білетін қыз болсаң, осы жағын ойлар едің ғой...