7
сияқты... Иә, біз де айтып жатырмыз... құлақ естісе де көз
көрмеген «Кәмөнезмнің» кердиген тәмпіш қызына несіне
қызықты екен деп... Өзіміздің«Сәбетскийде» де майысып
тұрған небір момын қыздар бар еді-ау, шіркін!
ҚҰДАҒИ:
Сіздің балаңызды қара дегем жоқ... Қара бала
деген қазақы сөздің мәтелі емес пе?
2-ҚҰДАҒИ:
Мәтел болса да кісінің көңіліне келеді...
ҚҰДАҒИ:
Шамшылын қарай гөр! Балаң өзіңе тартса,
қызымның күні туған-ақ екен!
2-ҚҰДАҒИ:
Саған тартса қызың да бізді қарық қылмас!
Мен шамшыл болсам, сендер заңшылсыңдар! Шамдандырып
отырған өздерің! Келгелі бір қабағыңды бермей, қырыңа
алатындай не қылдым? Құдай қосты, мен көндім деп, басымды
иіп, қолымды қусырып, ақ тілекпен алдыңа келгенде, құ
шағыңдыжаймасаң да, қиқуламай қарсы алсаң нең кетуші еді?
Екі сағат далада тік тұрғызып қойып, тергеп, жер-жебіріме
жетіп, жертесемді қазатындай не жаздым? Мың жылдық құда
болдық деп отырмыз, дәл осыныңды мың жылда ұмытпаспын!
ЖЕҢГЕЙ:
Құдағи... Жөн білетін кісі болсаңыз, айтатын
сөзіңіз бұл емес. Немене, қызымыздыдаладан ұрлап әкеткеніңе
қуанып, алақайлап шығайық па?
ҚҰДАҒИ:
Адам құсап алдымнан өтіп, қолымнан неге
алмайсың?
2-ҚҰДАҒИ:
Мен үйреткемжоқ алып қашдеп... Осыкүнгінің
жастары бізді тыңдай ма? Өздерінің келісіп істеп жүргендері...
ЖЕҢГЕЙ:
Заң бойынша, қыз берген жақ басында біраз
бұлданып, құдаларды қысыңқырап, қуырыңқырап алатынын
білмейсіз бе?
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Дұрыс айтасыз, әбден дұрыс! Сіздерден
қыз алған бізге де сол керек! Қысыңыз... Қуырыңыз...
күйдіріп-жандырыңыз... айналайын ақ құдағиым! Мен бәріне
мақұлмын!
2-ҚҰДАҒИ:
Сенжайыңа отыр
.
Жанғың кеп бара жатса
,
өзім-
ақ өртеп жіберейін қазір!
(Құдағиларға)
Заң-зәкөн дегенде
тақ-тақ етесіңдер, ал мен сендердің заңдарыңа бағынбаймын!
Алатын қызды балам алып алған! Енді бақырсаң да, шақырсаң
да күш менде! Алла тағала ұзағынан сүйіндіріп, балалар
бақытты, ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болсын!