6
аяқты матасекілдің лөлкесіне де мінгізіп әкелмеді-ау, лағанат!
Бірақ, шүкір, содан жаман болған жоқпыз. Әлгі екі аяқты
матасекіл құтты болып, әуелі егіз тауып жіберді ғой мына
жеңешеңіз!
ҚЫЗ:
Үш аяқты матасекілмен қашқанда, үшеу болар ма еді?
ЖЕҢГЕЙ:
Пай, шіркін! Инеліктей боп иномаркімен қашқан
сендердің төртеу тапқандарыңды көрермін!
ҚЫЗ:
Бұйырғаны болар...
ЖЕҢГЕЙ:
Болсын, болсын... Тезірек болсын десең, тезірек
қашып кет!Жігіттіңжеңі қолға ілікті ме, айырылма! Ырғалып-
жырғалып, бұлданып жүргенде талай қыз байсыз қалған жоқ
па? Айтқандайын, әлгі мұғаліміңе иномаркі қайда-а! Тіпті
трәктірдің өзіне сәләркі табу оңай емес. Егер жөн білетін жігіт
болса, ат-арба, белесепет тапса да жарар...
ҚЫЗ:
Жаяу болса да кетемін!
Қараңғы түседі.
Екінші көрініс
Сол үйдің іші. Сұрамшақ әйелімен, Қырындағыш әйелімен,
жеңгей бесеуі мәжіліс құрып отыр.
ҚҰДАҒИ:
Ал құдағи, сөзді қойып, іске кірісейік. Барлығын
жіпке тізіп, бақайшағына дейін бұлдап, базарлап отыратын
баяғының уақыты емес. Заман басқа, заң басқа. Әйтсе де
атадан мирас жөн-жоба, жол-жоралғы бар. Көктегіні көгендеп,
жердегіні түгендеп бер демеймін... Бірақ әлпештеп, отырған
сәбиімді, бөбегімді әкетіп отырсың, өкпе-бауырымды суырып,
жүрегімді жұлып әкетіп отырсың...
2-ҚҰДАҒИ:
О не дегеніңіз, құдағи... Сіздің де, біздің де бір
баламыз екеу боп жатқанда, мұныңыз қалай?
ҚҰДАҒИ:
Әрине, алып отырған сізге рахат... Беріп отырған
маған батады да... Айдалаға... ата-бабамыздың аяғы баспаған
«Сәбетскийге» кететіндей не әкетіп барады екен сонша? Сондай
бір қара бала осы елден де табылатын еді ғой...
2-ҚҰДАҒИ:
Құдағи! Жетеді! Қойыңыз енді... Менің
баламды неге қара бала деп қомсынасыз?Менің балам қаптаған
қара баланың бірі емес... Аппақ, әп-әдемі, особи бала... өзім