Table of Contents Table of Contents
Previous Page  5 / 320 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 320 Next Page

5

ҚЫЗ:

Жеңеше! Не деп тұрсыз? Біз бір-бірімізді жақсы

көреміз, бітті! Басқа әңгіменің керегі жоқ!

ЖЕҢГЕЙ:

Керегі болғанда қандай! Дүние тек екеуіңе ғана

тіреліп қалған жоқ! Әлі-ақ көзің жетеді! Тек өзіңдей кейбір

қыздардың кәмерсанттарға тиіп алып, шікірейіп шыға

келгенін көргенде, ішіміз қыз-қыз қайнайды. Сен солардан кем

бе едің... мұғалімге тиетіндей? Мүмкін, әлі де ойланарсың... ә?

ҚЫЗ:

Өзім сүйген жарымды ақшаға да, басқаға да айырбас­

тамаймын! Жеңгем деп сырымды ашып, ақылдасып отырсам,

қайдағы-жайдағыны айтып, көңілімді неге алай-дүлей

қыласыз?

ЖЕҢГЕЙ:

Жә, жә... Ойнап айтамын, ойнап айтсам да сенің

қамыңды ойлап айтамын. Піскен жемістің уағымен үзілгені

жақсы... әйтпесе... иә... Сонымен уәде қалай?

ҚЫЗ:

Соның мәнісін сізден сұрағалы отырмын...

ЖЕҢГЕЙ:

Сұрайтын несі бар? Ың-жыңсыз қашып кеткенің

дұрыс!

ҚЫЗ:

Не дейсіз?

ЖЕҢГЕЙ:

Фишт! Қаш та кет!

ҚЫЗ:

Неге?

ЖЕҢГЕЙ:

Қолдан ұзатқанның әлегі көп, қалқам! Заң

бойынша, әуелі құда түседі – ол бір расқот. Алып кетуге тағы

келеді топтанып – тағы расқот. Қыз ұзату тойының шығыны

шаш етектен... Заман болса мынау – кімнің шекесі қызып отыр

қазір? Тоқетері, әке-шешеңді аясаң, тып-тыныш тайып отыр!

ҚЫЗ:

Айтпай кетіп қалсам, папам мен мамам ренжіп,

жыламай ма?

ЖЕҢГЕЙ:

Неге жылайды, ей? Бойжеткен қыздың абырой­

мен теңін тапқанына дені сау адам қуанбаса, жылай ма екен?

ҚЫЗ:

Қолымнан қызықтап ұзатар едім ғой деп өкпелесе ше?

ЖЕҢГЕЙ:

Жоға! Ашып айта алмайды папа-мамаң, әйтпесе

әуре қылмай зытып отырғаныңды теріс көрмейді!

ҚЫЗ:

Елден ұяттау болмай ма? Ешкімі жоқ адам құсап...

ЖЕҢГЕЙ:

Сүюгеұялмағандатиюгеұяласыңба?Сенензорлар

да жігітінің етегінен мықтап ұстап алып, жердің түбі болса да

бір-ақ тартқан. Міне, өзіміз де келгенбіз... жаман ағаңның тар-

тар еткен екі аяқты матасекілінің артында талтайып отырып-

ақ... Ибай-ай десейші, тым болмаса көгала құрдас сияқты үш